×

Қазақстандық оқушылар робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада 2-орын алды

Жарыста 73 елдің 365 командасы финалда үздік атаққа таласты

Қазақстандық оқушылар робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада 2-орын алды
Gov.kz

Оқушыларымыз кезекті рет өте жоғары деңгей көрсетіп, алғаш рет робототехникадан әлем олимпиадасында 2-орынға ие болды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс Германияның Дортмунд қаласында өтті. Шымкент қаласындағы Ж. Жабаев атындағы №26 мемлекеттік мектеп пен №9 IT-лицейінің оқушылары Иманғали Мыңжасар мен Бибарыс Михаш жеңімпаз атанды.

World Robot Olympiad (WRO) 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан бұл олимпиаданың 2014 жылдан бергі қатысушысы. Биыл 73 елдің 365 командасы финалда үздік атаққа таласты.Ал іріктеу кезеңіне бүкіл әлем бойынша 15 000 команда қатысты.

“Балалардың әлемдік аренадағы жеңістері ерекше мақтаныш сезімін тудырады. Жас және дарынды жеңімпаздарымызды осындай жоғары нәтижемен құттықтаймын!Сондай-ақ олардың тәлімгерлері мен ата-аналарын да құттықтаймын! Балаларға биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспін!” – деді Асхат Аймағамбетов.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Кеше, 16:45

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →