×

Қазақстанда мектеп мұғалімдерінің 76 пайызы – нәзік жандылар

Ер азаматтарға жеңілдік жасап, квота бөлу қыз балалардың жоғары білім алуға қолжетімділігін шектейді

Қазақстанда мектеп мұғалімдерінің 76 пайызы – нәзік жандылар
stan.kz

Елімізде ұстаздардың саны жыл санап артып келеді. ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұсынған мәліметке сенсек, 2021 жылы мұғалімдер саны 313 мыңнан асса, биыл 340 мыңнан астам мұғалім еңбектеніп жатыр, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

“TALIS – 2018” халықаралық зерттеу нәтижесіне сәйкес Қазақстанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен салыстырғанда әйел ұстаздардың үлесі басым – 76%. Басқа елдермен салыстырсақ, Латвияда әйел мұғалімдердің үлесі – 89%, Литвада – 85% ал Грузияда – 83% құрайды”, –  деген жауап берді Оқу-ағарту министрлігі.

Сондай-ақ, министрлік мектеп мұғалімі мен балабақша тәрбиешісі мамандығына ер адамдарды көптеп тартуға қатысты түсініктеме берді.

“Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 2-тармағына сәйкес тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе өзге жағдаяттар бойынша ешкімді кемсітуге болмайды. Осылайша заң аясында ерлер мен әйелдердің білім алуы мен еңбек ету қолжетімділігі теңдей қамтамасыз етілген. Сонымен қатар педагогикалық мамандықтарға түсу үшін ер азаматтарға жеңілдік жасап, квота бөлу қыз балалардың жоғары білім алуға қолжетімділігін шектейді”, –  дейді ведомстводан.

Еліміздің балабақшаларында 3 мыңға жуық ер тәрбиеші жұмыс істейді. Министрлік мәліметіне сәйкес Қазақстанда ұстаздық ететін ер адамдар үлесі жыл санап артып келеді. Атап айтқанда, мектептерде 68 мыңнан астам ер мұғалім, ал балабақшаларда 2700-ден астам тәрбиеші-педагог бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Кеше, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →