×

Сатыдағы қос оқушының өлімі - ұрған бала 103 шақыруға, көмек көрсетуге рұқсат етпеген

Оқиғаның хроникасы белгілі болды

Сатыдағы қос оқушының өлімі - ұрған бала 103 шақыруға, көмек көрсетуге рұқсат етпеген
стоп-кадр

Осыдан екі апта бұрын Алматы облысының Кеген ауданындағы Саты ауылында жантүршігерлік жағдай болған еді. Оқушылар арасындағы әлімжеттіктен 10-сыныптағы Мирас Әскербай  қайтыс болады. Досының қазасына жанына батқан сыныптасы Дастан Нұрлыбай ертеңінде өз-өзіне қол салады. «Астарлы ақиқат» бір бағдарламасын осы оқиғаға арнады. Qaz365.kz тілшісі ең маңызды деген тұстарына назар аударып көрді.

Мирастың жаназасын шығарған күні түсте мектепке қайта келдік. Директор жиналыс өткізді. Одан кейін мұғалімдерімізбен сыныптың ішінде тағы бір жиналыс болды. Ата-аналарымыз қатысты. Басшылық пен мұғалімдер мектептің абыройын түсіріп жатсыңдар деп ұрыса бастады. Ұйымдасқан қылмыс ретінде бәрін кетесіңдер деп айтты. Әлішер 15 жылға, телефонмен шақырғанын үшін Диас 2-3 жылға, Дастан 5 жылға дегендей сырттарынан тон пішіп, жаза тағайындап қойды. Апаймен дауластым. Не үшін темір тордың арғы жағында отыру керектігін сұрадым. Біз тек куәгер, Әлішер ғана сотталу керек дедім. Сен кімсің дауыс көтеретін деп апайым ұрыса жөнелді. Шыдамай, төрт баланы ертіп, далаға шығып кеттім, - дейді оқушылардың бірі.

Анасы Гүлжан Әмірханова әділдікке жеткіміз келеді деп айтты. Ол қылмыскерлер ақша беріп, құтылып кете ме деп қауіптенеді. 

Ата-аналар көңіл айтып келгенде, балалар бір-бірін ұрғанын жеткізген. Ал тергеушіге барып жолыққанымызда 13 бала болды деп айтты. Ол 11-сыныптың оқушылары менің балама насыбай атасың деп тәртіп салмақшы болған екен деді. Екі пікір бір-біріне қарама-қайшы, - дейді қайтыс болған баланың анасы.

Әкесі Бек Айтқұлов қайтыс болған екі бала мен ұрған Әлішер деген бала да бір-біріне ағайын деп отыр. Яғни туыстық қарым-қатынас бар.
Ал түрлерін көрсетпеген сыныптастарының бірі былай дейді:

Оқиға болған 11 сәуірден 3-4 күн бұрын Бақыт Әлішер деген бала жазды. Диас,  сыныптастарыңды жина. Бірақ сен шақырасың, ешқандай ұру болмайды. Бірақ бір бала келмесе, сол үшін сен таяқ жейсің деп айтты. Әлидің телефоны жоқ деп ем, түнде ертіп барып шығу керек екенін  жеткізді. Бірінші күні Алматыда, екінші және үшінші күні жаңбыр жауды, төртінші күні әкем ауырып қалды деп сылтаураттым. Сосын қайғылы жағдай болған 11 сәуір Әлішер тағы жазды. Жазба сақтаулы, - дейді Диас деген сыныптасы.


Тағы бір сыныптасы өзінің телефоны жоқ екенін, анасының телефоны арқылы Instagram-ға кірген. Ол өзімен бірге оқитын Нұржанның 11-сынып балалары жинап жатқанын, 10 минутқа шығуын өтінгенін жеткізді. 

Нұржан шақырған жерге бардым. Сол жерде 9 сыныптан бастап бәрі жиналып тұр екен. Бәрімен амандасып шықтым. Не жағдай болғанын сұрадым. «Мектепте біреу насыбай атып жүр екен, бұлар сөзге түсінбейді, талай ескерткенмін» деп, Бақыт Әлішер деген бала ұра бастады. Қасымда Дастан тұрған. Бірінші соны ұрды, екінші мені, үшінші Мирасқа қол жүгіртті. Дастан екеуіміз еңкейіп қалдық. Ал Мирас теңселіп тұрды да, артқа қарай суға құлап кетті. Сол сәтте алғашқы көмек бердік, талып қалды деп ойладық. Бетін су шашып көрдік. Болмады, - дейді сыныптасы.

Балаларды жиналуын ұйымдастырған Диас сол кезде тараухта болған екен. Нұржан деген сыныптасы хабарласып, тез жетуін өтінген. Диас Мирастың тамырларын ұстап көрген. Тамыры соғысы тоқтағанын көрген ол жылай бастаған. 

Әлішер күліп тұрып, жағдайды ушықтырма деп айтты. Қалай күлгені әлі есімде. Қазір екі сағатта есін жинайды. Сосын үй жағына апарып тастаймыз. Шу шығарма деді. Қасындағы Әділет те келіп, ешкімге айтпаймыз деп қорқытты. 103 шақыруға, басқа да көмек көрсетуге рұқсат етпеді. Мирас оянбай қойған соң, жылай бастадық. Амал жоқ, Нұржанның айтуымен қаштым. Алыс жаққа теректің артына барып, жедел жәрдемге хабарластым. Келіп айтып ем, бәрі қаша бастады, - дейді Диас.

Айта кетейік, Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті оқушы алғашында қамауға алынғанын айтқанымен, кейін үйқамаққа шығарылған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда шәкірті 42 елден шақырту алған ұстазға облыс әкімі көлік сыйлады
Кеше, 16:00

Түркістанда шәкірті 42 елден шақырту алған ұстазға облыс әкімі көлік сыйлады

Түркістан облысында  жалпы 85 мыңнан астам педагог саналы ұрпаққа сапалы білім беріп келеді
Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына қазақстандық ЖОО-ның кез келгеніне оқуға түсуге білім гранты беріледі
Қазақстанның қарсыласы Ұлыбритания-Ирландия командасы
Оқулық тек білім берумен шектелмей, тәрбиелік мәңге де ие

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →