×

Қазақстандық 12 оқушы 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасында жүлдегер атанды

57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына 21 елден 116 оқушы қатысты

Қазақстандық 12 оқушы 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасында жүлдегер атанды
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы аяқталды. Қазақстан құрама командасы екі күміс және 10 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлихан Смет – Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы, күміс медаль;

Инсар Имаш – Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы, күміс медаль;

Бекболат Мамырбеков – Шығыс-Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы, қола медаль;

Шәкір Жақсылық – Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы, қола медаль;

Диас Қоршыбек – мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы, қола медаль;

Кирилл Ким – Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы, қола медаль;

Әліби Мұғалім – Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, қола медаль;

Айбол Оразалин – Алматы қаласының мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы, қола медаль;

Әділжан Молдағұл – Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы, қола медаль;

Абылай Кабдулхадыр – Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы, қола медаль;

Ринат Илюсизов – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы, қола медаль;

Асанәлі Қали – Қостанай облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, қола медаль.

Сондай-ақ «Теориялық турдағы үздік шешім» номинациясы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрінің арнайы сыйлығымен астаналық Әлихан Смет марапатталды.

Олимпиада жеңімпаздарына еліміздің бес жетекші жоғары оқу орындарынан 17 грант бөлінді.

Естеріңізге сала кетейік, химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына 21 елден 116 оқушы қатысты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғани әке… Министрге 235 оқушы хат жазды
Бүгін, 03:27

Ғани әке… Министрге 235 оқушы хат жазды

Министрдің айтуынша, хаттарда көтерілген ұсыныстар мен мәселелер жүйеленіп, жан-жақты пысықталуда.
Рәсім өткізу үшін дипломдарды тапсырудың бірыңғай сценарийі мен регламенті бекітілді.
Рилстің аты рилс, жұмысты көрсету керек, балалармен жақын қарым-қатынас болуы керек.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →