×

"Педагогтарды қорғау" телеграм-чатын білесіз бе

Telegram-чат мұғалімдердің құқықтарын бұзу фактілерін барынша азайтуға көмектеспек

"Педагогтарды қорғау" телеграм-чатын білесіз бе
Turkistan.kz

Оқу-ағарту министрлігі құрған “Педагогті қорғау” Telegram-чаты педагогтер арасында танымал болып келеді. Чат құрылған күннен бастап 10 күн ішінде оған 25 мыңнан астам адам қосылды. Осы уақыт ішінде мұғалімдерден 600-ден астам сұрақ пен өтініш түскен, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сұрақтардың басым бөлігі мұғалімдердің құқықтарының бұзылуына қатысты. Атап айтқанда, оларды міндетінен тыс жұмыстарға тарту, мұғалімдерден артық есеп талап ету. Сондай-ақ мұғалімдердің аттестациясына, санат беру, оқу жүктемесін бөлу және т.б. қатысты сұрақтар да түсіп жатыр.

“Мемлекет басшысының қолдауымен елімізде алғаш рет мұғалімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Мұғалімдердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Білім саласында сапасын қамтамасыз ету комитеті «Педагогті қорғау» Telegram-чатын іске қосты. Telegram-чатқа түскен барлық ақпарат тексеріледі. Мамандарымыз жедел түрде кері байланыс жасап, мұғалімдердің әрбір өтінішіне жауап береді және қажет болған жағдайда тиісті шараларды қабылдайды. Мұғалімдердің сұрақтары мен өтініштеріне дер кезінде жауап беру үшін арнайы жұмыс тобы құрылғанын атап өткім келеді. Оның құрамына комитеттің, білім саласында сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаменттерінің және облыстық білім басқармаларының өкілдері бар. Telegram-чат мұғалімдердің құқықтарын бұзу фактілерін барынша азайтуға көмектесетініне сенеміз”, –  деді Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.

Комитет чатты жақсарту және одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Мұғалімдердің сұрақтарына жауап беруден басқа, чатта мұғалімдер үшін пайдалы ақпарат жариялап отырады. Мысалы, жалақы калькуляторы, мұғалімдердің қызметіне байланысты заңдар мен нормативтер, жиі кездесетін жағдайларды шешу жағдайларының мысалдары т.б.  

Еліміздің педагогтері чатқа мына сілтеме арқылы қосыла алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
Бүгін, 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →