×

Назарбаев университетінің Президенті Шигео Катсу отставкаға кетеді

Ол осы лауазымда 13 жыл қызмет етті

Назарбаев университетінің Президенті Шигео Катсу отставкаға кетеді
Назарбаев Университетінің баспасөз қызметі

Назарбаев Университеті 2023 жылдың 15 маусымынан бастап Президент Шигео Катсудың отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі оқу орнының роесми сайтына сілтеме жасап.

«13 жылға жуық қызмет атқарғаннан кейін Президент Катсу өз лауазымынан кету туралы шешім қабылдады. Университет қауымдастығы Назарбаев Университетін концепциядан Қазақстандағы бірінші әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдырған Президент Катсуға көрнекті көшбасшылығы мен көрегендігі үшін зор алғысын білдіреді.

Президент Катсудың басшылығымын Назарбаев Университеті аймақтағы жетекші жоғары оқу орны ретінде белгілі нәтижелерге қол жеткізді. Биылғы күзде Назарбаев Университет тұңғыш рет Times Higher Education университеттердің әлемдік рейтингіне кіретін болады. Президент Катсудың кемелдікке және инновацияларға деген мызғымас берілгендігі меритократия және академиялық адалдық принциптеріне негізделген озық зерттеулер, академиялық өсу және халықаралық ынтымақтастық үшін жағдай жасауда маңызды рөл атқарды. Назарбаев Университетінің қауымдастығы Президент Катсуға оның үлкен үлесі мен тұрақты әсері үшін алғысын білдіреді», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда президенттік қызметінен кеткеннен кейін Шигео Катсу Назарбаев Университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде университеттің дамуына өз үлесін қосатыны айтылған.

Сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев Қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі және Жоғары қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде қызметін жалғастырады. Президент Катсудың тәжірибесі мен көшбасшылығы Қазақстанның білім беру саласын одан әрі дамытуға көмектеседі. Шигео Катсу сонымен қатар университет президентінің міндетін атқарушының кеңесшісі қызметін атқарады.

Назарбаев Университеті Шигео Катсудың мұрагерін халықаралық деңгейде іздеп белгілегенше, провост Илесанми Адесида университет президенті міндетін атқаратын болады. Назарбаев Университетінің қауымдастығы доктор Адесида өзінің бай академиялық тәжірибесін жаңа лауазымға енгізетініне сенімді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Газет тілшісіне осы мектептің мұғалімі хабарлаған
Түркістан облысының білім басқармасы комиссия құрып, тексерісті бастады
Жалпы ауданы 5600 шаршы метрден асатын аумақта заманауи оқу ғимараты салынады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →