×

Ұлытау түлектері плоггингке қатысты

Шараға 3 мыңға жуық адам қатысты

Ұлытау түлектері плоггингке қатысты
Qaz365.kz

Ұлытау облысының мектеп түлектері бүгін «Түлектерден-табиғатқа» атты плоггингке қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған игі шараға облыстық білім басқармасы себеп болып отыр. 

Бір мезетте облыс көлеміндегі 3 мыңға жуық адам қатысқан тазалық акциясы барысында көшелер мен аулалар қоқыстан тазартылды. Туған жерінің экологиялық жағдайына алңдаушылық танытқан жастар көпшіліктің көңілін аудара білді.

“Жастарды туған жеріне деген жанашырлық пен табиғатты аялауға үндейтін мұндай шараның барын бірінші естуім. Сенбілік, таза бейсенбіліктің жаңаша сипаттағы жалғасы жастар арасында трендке айналғаны қуантады. Мектеп бітіруші жас түлектердің Отан алдындағы жауапкершілігін сезінетіні көрініп-ақ тұр”,– деген қала тұрғыны А.Аманбай игі іс жалғасын тапсын деген ниетпен барша түлектерге үлкен өмірде ақ жол  тіледі.

Плоггинкке қатысқан оқушылардың қатарында № ЖББМ-нің 11-сынып оқушысы Ж.Есенова да бар. Ол Кеңгір су қоймасы жиегіндегі “Лагуна” жағажайына барып, қоқыстарды тазартты. 

Қала тұрғындарының отбасылық, ұжымдық демалыстардан соң жағажайға бос шөлмек, полиэтилен қалталарды көптеп тастап кететіндігін айтқан ол, демалыс мәдениеті сақталмайтындығына ренішін білдірді. Осылайша Жансая сыныптастарымен 9 қап қоқыс жинады. 

Жинаған жер емес, шашпаған жер таза дегенді әр тұрғынға ұғындыра білген жастардың акциясы флешмоб, спорттық және квест ойындармен жалғасты.

Естеріңізге сала кетсек, әлемде танымалдылыққа ие болған плоггинг - экологиялық қозғалыс. Салауатты өмір салтын ұстану мен табиғатқа деген қамқорлықтың үйлесімділігін паш ететін шарада қатысушылар жүгіре басып, қоқыс жинайды.

Жалпы биыл Ұлытау облысында 1599 түлек мектеппен қоштасады. Түлектердің  67-сі «Алтын белгі», 128-і үздік аттестат алудан үмітті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →