×

Кейбір санаттағы студенттердің пәтер жалдау шығынын мемлекет өтеуі мүмкін

Бұл туралы Алтай Көлгінов айтты

Кейбір санаттағы студенттердің пәтер жалдау шығынын мемлекет өтеуі мүмкін
elorda.info

Әлеуметтік осал топтан шыққан студенттердің пәтер жалдау шығыны өтелуі мүмкін. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттары қатарынан басқа қаладан келген студенттердің жатақханада тұруға жұмсалатын шығынын субсидиялау мәселесі пысықталып жатыр. Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің деректері бойынша 2022-2023 оқу жылында жоғары оқу орындары мен колледждерде халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан шамамен 218,5 мың студент (ЖОО-да 168,1 мың адам, колледждерде 50,3 мың адам) оқып жүр. Осыған байланысты үш жылдық бюджетке қосымша қажеттілік шамамен 54,7 млрд теңгені (ЖОО студенттеріне – 42 млрд теңге, колледждер – 12,7 млрд теңге) құрайды», –  деп атап өтеді Үкімет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар вице-премьер студенттердің пәтер жалдауға жұмсайтын шығындарын өтеу үшін Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері республикалық бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік көмекке ең мұқтаж екі санатты анықтағанын айтады.

«Олар - жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер (1 846 адам), мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар (758 адам). Үш жылдық бюджетке қажеттілік - шамамен 1,9 млрд теңге», - деді Алтай Көлгінов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды
22.11.2024ж. 15:37

Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды

Орталық «Түркі дүниесі жастары» атты форум аясында іске қосылып отыр
ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 
13 қараша күні Талдықорған қаласы оқушылар сарайында облыстық балалар құрылтайы өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →