×

Оқу-ағарту министрі орыстілді балабақшалардың жабылатыны жайлы қауесетке жауап берді

Ол бүгінде мемлекеттік балабақшалардың басым бөлігі қазақ тілінде екенін атап өтті

Оқу-ағарту министрі орыстілді балабақшалардың жабылатыны жайлы қауесетке жауап берді
turkystan.kz

6 маусымда үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барлық мемлекеттік балабақшаларды қазақ тілінде оқытуға көшірілетіні жөніндегі қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрі бүгінде мемлекеттік балабақшалардың басым бөлігі қазақ тілінде екенін атап өтті.

"Қазір сараптама жүргізіп жатырмыз, содан кейін толық ақпарат береміз... Бірақ орыстілді балабақшаларды жабу туралы мәселе ешқашан болмайды, біз мемлекеттік тілді оқытуды күшейтіп жатырмыз", – деді Ғани Бейсембаев.

Оның айтуынша, бүгінде 11 мыңнан астам балабақша болса, оның жартысы мемлекет меншігінде.

"Қазақ тіліндегі балабақшаларға деген қажеттілік пен сұранысты көріп отырмыз. Балабақшаларды тек мемлекеттік тілде ұйымдастыруда еш қиындық болмайды: тәрбиешілер де бар, сұраныс та бар. Бұл балабақшалардың мемлекеттік тілде ашылуы заңды процесс", – деді Ғани Бейсембаев.

2022 жылдың 1 ақпанында Қазақстанның бұрынғы Білім министрі Асхат Аймағамбетов биылғы жылдан бастап еліміздегі балабақшаларда тәрбие мен оқытудың жаңа моделі іске қосылатынын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Асхат Аймағамбетов TikTok-тан түспейтін мұғалімдерге үндеу жасады
Кеше, 13:28

Асхат Аймағамбетов TikTok-тан түспейтін мұғалімдерге үндеу жасады

Рилстің аты рилс, жұмысты көрсету керек, балалармен жақын қарым-қатынас болуы керек.
Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде қызметтік жалғандық фактілері анықталды.
 Бұл сома ата-аналардан дайындық сыныптарына оқыту және жазғы лагерьге қатысу үшін қолма-қол алынған 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →