×

Балаларым елде қарапайым мектепте оқитын болады - Саясат Нұрбек

Оның айтуынша, балалары Қазақстанға қайтып келді

Балаларым елде қарапайым мектепте оқитын болады - Саясат Нұрбек
ortcom.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балаларының Қазақстанға оралғанын және енді олардың осында қарапайым мектепте оқитынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Олар қазір Қазақстанға келді. Осында қарапайым мектепте оқитын болады. Құжаттарды тапсырамыз, түрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз", –  деді министр.

2022 жылдың маусымында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалғаннан кейін, үкіметтің бірінші отырысында Саясат Нұрбек балаларының Қазақстанға оралып, қарапайым мектепте оқуын жалғастыратынын мәлімдеген болатын. Ол тіпті толық фоторепортаж беруге уәде берді. Біраз уақыттан кейін министр балаларының оқуын Солтүстік Кипрде жалғастыруға шешім қабылдағанын хабарлады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →