×

Ақмола облысында балабақша мен мектеп бухгалтерлері ірі мөлшерде ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Олар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ақмола облысында балабақша мен мектеп бухгалтерлері ірі мөлшерде ақша жымқырды деген күдікке ілінді
ашық дереккөзден

Ақмола облысында бухгалтерлер аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Бұланды балабақшасының бухгалтері кәсіпкерлермен ойдан шығарылған мәмілелер жасай отырып, туыстарының шоттарына ақша аударған.

"Аударымдардың шынайылығын көрсету үшін бухгалтер тауарларды жеткізуге келісім-шарттар жасалған кәсіпорындардың атауларын көрсеткен. Банктік шоттар оның жақын туыстарына рәсімделіп, бухгалтер жұмыс істеген кезеңде барлығы 47 миллион теңге аударылған", – делінген хабарламада.

Екінші жағдай Степногорскте мектептердің бірінде анықталған, тергеу нұсқасы бойынша бухгалтер өз шотына 36 миллион теңге жалақы ретінде аударған.

"Осы деректер бойынша қылмыстық істер ҚК-нің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде ұрлау") бойынша тіркеліп, Ақмола облыстық прокуратурасының арнайы прокурорларымен және Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен тергеліп жатыр", – делінген хабарламада.

Осы бап бойынша жаза белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Бүгін, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →