×

Биыл бакалавриатқа 73 мың грант бөлінген

Барлық гранттың 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінді

Биыл бакалавриатқа 73 мың грант бөлінген
ашық дереккөзден

2023 жылғы негізгі ҰБТ қорытындысын жариялаған Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев биыл бакалавриатқа 73 мың грант бөлінгенін атап өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Биыл бакалавриатқа 73 мың грант бөлініп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінді.

Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді. Олардың саны 18 744 грант деген сөз. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 12 560 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 103 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 7 388 грант тиесілі. «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, биыл халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінген.

«Гранттар былай бөлінген: Атырау облысы – 1500, Маңғыстау облысы – 1500, Ұлытау облысы – 300, Жетісу облысы – 300, Абай облысы – 500, Шымкент – 400, Түркістан облысы – 500. Бұл гранттар педагогикалық, инженерлік, IT мамандықтарға және жаратылыстану ғылымдарына бөлінген.

Биыл педагогикалық квота 47%-ға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, алғаш рет ауыл шаруашылық және инженерлік бағыттарды қолдау мақсатында пилоттық режимде арнайы квота бөлінді. Бұл гранттар өңірлік ЖОО-ларда орналастырылады», - деді Қуаныш Ерғалиев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Кеше, 16:45

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →