×

Халықаралық олимпиададан қазақстандық оқушылар жүлделі қайтты

Биыл қазақстандық оқушылар ең беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлдегер атанды

Халықаралық олимпиададан қазақстандық оқушылар жүлделі қайтты
фото: Оқу-ағарту министрлігі

Физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында қазақстандық оқушылар 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 Осылайша, қатысушылар өткен жылғы рекордты жаңартып, 2021 жылмен салыстырғанда құрама қоржынына 3 медаль артық салды.

IJSO зияткерлік жарысы 2-12 желтоқсан аралығында Богота қаласында (Колумбия) өтті. Оған әлемнің 60 елінен барлығы 300-ден астам оқушы қатысты.

Жүлдегерлерді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов құттықтады.

«Халықаралық аренада оқушылардың жеңістер легі жалғасуда. Біздің жүлдегерлерді жоғары жетістіктерімен құттықтаймын! Жаңа жеңістер тілеймін! Биыл Президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары ЖОО-да оқу үшін грант пен 4 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы алды. Мұндай олимпиадалардың тізімі тағы 7-мен толықтырылады», - деп атап өтті Оқу-ағарту министрі.

Биыл қазақстандық оқушылар ең беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда 27 медаль жеңіп алып, жаңа рекорд орнатты. Сыйақының жалпы сомасы 73 млн теңгеден асты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында оқушылар жаппай уланып қалды
Кеше, 16:40

Алматы облысында оқушылар жаппай уланып қалды

Мектепте аяғы ауыр мұғалімдер де болған
Бішкек, Түркия, Кипр, Үндістан сынды елдерге барып, ел намысын қорғаған лицей оқушылары қанжығаcын бас жүлдемен майлаған
Бекзат Баян - Орал қаласындағы №49 ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →