×

«Қазақстан халқына» қоры 850 білім беру грантын бөлді

«Қазақстан халқына» қоры 850 білім беру грантын бөлді

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қайырымдылық бағдарламасы аясында бакалавриат бағдарламалары бойынша 850 білім беру грантын бөлді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Білім беру грантына кімдер үміткер бола алады:

  • ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылар;
  • жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • мүгедектігі бар азаматтар;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
  • 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
  • төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).

Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.Білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді және бүкіл оқу мерзімі ішінде 40 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы төленеді. Шәкіртақы жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, 10 ай ішінде (жыл сайын) төленеді.

Грант, жоғары оқу орындарының тізімі және грант саны бойынша толық мағлұматпен мына сілтеме бойынша таныса аласыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады
16.07.2025ж. 18:36

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев мұны елдің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалаға
Еліміздің атынан қатысқан төрт оқушының бәрі жүлдеге ие болды.
ҰБТ өткізу кезеңінде 711 ереже бұзушылық тіркелді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →