×

Грантты жеңіп алмағандарға не істеуге болады

Мүмкіндіктер өте көп

Грантты жеңіп алмағандарға не істеуге болады
Ашық дереккөздерден

Грантты жеңіп алмағандарға не істеуге болады? ҚР Мәжіліс депутаты, бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім бәсекесінде жолы болмаған жеткіншектерге бірнеше кеңес берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

“Комменттерде және жекеме де осындай сұрақ көп қойылып жатыр. Сондықтан қысқаша өз ойымды жазайын. Бастысы әлі де грантты жеңіп алуға мүмкіндік бар. Неге? Біріншіден, игерілмеген бірнеше мың грант қайтадан үлестіріледі. Яғни грант алған талапкерлерден кейін тұрған талапкерлерге ҰБТ-да жинаған ұпай санына сәйкес беріледі. Соны күтуге болады. Екіншіден, әкімдіктердің гранттары бар. Бірнеше мың грант жергілікті бюджеттен бөлінеді. Үшіншіден, «Қазақстан халқына» қорының гранттары тағы бар. Төртіншіден, кейбір талапкерлер түрлі себеп бойынша жеңіп алған гранттарынан бас тартады. Олардың саны да аз болмайды. Ол гранттар да қайта тағайындалады. Бесіншіден, тіпті ештеңе болмаса, университетке ақылы түрде түсіп, кейін жақсы оқып, GPA жоғары болса, білім алу кезінде босаған бос грантты ұтып алуға болады. Алтыншыдан, “gap year “ алып, бір жыл дайындалып, қайтадан ҰБТ тапсырып, грантты жеңіп алуға болады. Ол менің өз басымнан өткен оқиға. Бұл да жақсы шешім. Жетіншіден, колледжге түсуге болады. Колледжде грант көп, қажетті мамандықтар бойынша колледж бітіргендер нарықта тапшы. Керек болса, біраздан кейін әрі қарай ЖОО-ға түсіп, қысқа мерзімде жоғары білім алып шығуға да болады”, – деді Асхат Аймағамбетов.

Мүмкіндіктердің өте көп екенін тілге тиек еткен экс-министр талапкерлерге “Жақсылықтың бәрі әлі алда. Толық мәлімет алу үшін университеттердің қабылдау комиссиясына жолығу керек” деген ақылын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Кеше, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →