×

"Грант ұтып алған сәттегі сезімді ұмыту мүмкін емес" - вице-министр студент атанған кезін еске алды

Ол екі түрлі грант ұтып алған

"Грант ұтып алған сәттегі сезімді ұмыту мүмкін емес" - вице-министр студент атанған кезін еске алды

Қазақстанда түлектерді жоғары біліммен жалпы қамту 62%-ды құрайды, бұл көптеген елден едәуір төмен. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев әлеуметтік желілердегі жеке парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Вице-министрдің айтуынша, еліміздің халықтың жоғары біліммен қамтылуы бойынша деңгейі Ресейден де төмен болып шықты.

«Ұлттық статистика бюросының 2021 жылғы мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда түлектерді жоғары біліммен жалпы қамту 62%-ды құрайды, бұл көптеген елден едәуір төмен (Ресей – 82%, Оңтүстік Корея – 94%, Ирландия – 78%, Беларусь – 81%). Ал жалпы елімізде жоғары білімі бар азаматтардың статистикасына қарасақ, ерлердің үлесі 17%, әйелдердің үлесі 21%-ды құрайды. Бұл – төмен көрсеткіш. Осы жайттарды ескерсек, әлеуметтік желідегі грант санын азайту туралы айтылып жатқан сын қаншалықты дұрыс деген сұрақ туындайды. Биыл елімізде 174 мыңнан астам түлек мектеп бітірді. Сондай-ақ 140 мыңға жуық түлек колледж бітірді. Олардың ішінде 94 мың түлек грант конкурсына қатысты. Ал бөлінген грант саны – 73 мың. Статистикаға қарасақ, грант негізсіз бөлінді деп айтуға келмейді. Керісінше, Үкіметтен бөлінген гранттар жастарды шетелден тегін оқу іздемей, елімізде қалуына және халықтың жоғары білім жеңгейін арттыруға септігін тигізері сөзсіз», – деп жазады Қуаныш Ерғалиев Facebook желісіндегі жеке парақшасында.

Сонымен қатар ол жастарға мемлекеттен көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың маңыздылығы туралы жазды. 

«Тағы бір айта кетерлік маңызды жайт, түлектерге бөлінген гранттардың жартысынан көбі әлеуметтік осал санаттарындағы адамдарға арналған. Квоталардың үлесі мемлекеттік гранттардың жалпы санының 53,5%-ын құрайды, оның ішінде 35%-ы ауыл жастарына бөлінген. Әлеуметтік осал топтарға барлығы 9 квота қарастырылған. Елімізде жоғары білім барлығына бірдей қолжетімді болуы тиіс. Осы орайда Үкіметтен гранттардың бөлінуі, әлеуметтік қолдау көрсетілуі жастардың дамуына әсер етеді. Мемлекет тарапынан жастайынан қолдауды сезініп өскен бала болашақта да еліміз үшін аянбай еңбек етері сөзсіз. Оны өз тәжірибемнен жақсы білемін», – деді министрдің орынбасары.

Өз жазбасында Қуаныш Ерғалиев мектеп бітіргенде алғашқы грантын қалай жеңіп алғаны туралы естелігн де бөлісті.

«Алғаш жоғары оқу орнына грант жеңіп алғандағы сезімді ұмыту мүмкін емес. Мектеп кезімде республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатыстым. 11-сыныпта университетке оқуға түсу үшін емтиханға дайындалған жоқпын, өйткені халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік грант бөлінетін. Бірақ сол жылы бұл ереже өзгеріп, біз де грант конкурсына қатысу үшін тест тапсыруымыз керек болды. Бұл өзгеріс мен үшін күтпеген жағдай болды, бірақ мектеп қабырғасында алған біліміме сеніп, дайындықсыз тест тапсырдым, нәтижесінде 94 балл алып шықтым (120 балдан). Бір қызығы, конкурс нәтижесі шыққанда менің аты-жөнім екі жақта да жарияланды. Яғни күтпеген жерден Медициналық университеттің грантымен (жалпы конкурс) қатар халықаралық олимпиада жүлдегері ретінде де грант иегері атандым. Бұл мен үшін өмір бойы есте қаларлық ерекше сәттердің бірі болды. Магистратура мен докторантураны шетелде оқыдым. Онда да мемлекеттің қолдауымен «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алдым. Мен сияқты ауылдық жерден шыққан қарапайым жастарға мұндай мүмкіндік тиімді әлеуметтік лифт болып табылады. Грант иегерлерін, ата-аналары мен ұстаздарын шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің болашағы жарқын болсын», – делінген жазбада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"World University Rankings 2025" рейтинг нәтижелері жарияланды - Қазақстандық қанша университет бар
Кеше, 10:14

"World University Rankings 2025" рейтинг нәтижелері жарияланды - Қазақстандық қанша университет бар

Рейтинг оқу орындарын төрт негізгі өлшем бойынша бағалайды: білім сапасы, ғылыми зерттеулер, дәйексөз және халықаралық ынтымақтастық
Бұл жобаны оқу ағарту министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп атқарады
Олар орыс тілі оқулықтарының тапсырмалары шамадан тыс ауыр екенін айтты
Бүгінде олардың оқу ақысын мемлекетке қайтару бойынша сот процесі жүріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →