×

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржыға 62 мектеп салынды

Жалпы қор құрылған өткен жылдың желтоқсан айынан бері оның есепшотына 151,6 млрд теңге түскен

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржыға 62 мектеп салынды
22-ileaud.mektebi.kz

Жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын Қор арқылы бүгінде еліміздің бірқатар өңірінде, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың орынға шақталған (екі ауысымдық) 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы қор құрылған өткен жылдың желтоқсан айынан бері оның есепшотына 151,6 млрд теңге түскен.

Қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әбенов Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы жеке мектептердің қысымына бой алдырмауға шақырды
Қызылорда облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 6 900 орынға арналған 10 мектеп салынды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →