×

Ерекше балалар неліктен үйде оқуы керек

ҚР Заңнамасында әр баланың білім алу құқығы тең екендігі көрсетілген

Ерекше балалар неліктен үйде оқуы керек

Білім саласында көп көмекті қажет ететін балалар – үйде отыруға кеңес берілген балалар. Ерекше балалардың тек үйде білім алуының зияны жайлы Педагог академиясы мен Балалар инклюзивті академиялық бірлестігінің төрағасы, педагог, ерекше баланың әкесі Нұрым Нұрғалиев Qaz365.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

ҚР Заңнамасында әр баланың білім алу құқығы тең екендігі көрсетілген. Инклюзивті бағытты дамытудағы тиімді механизм — үйде оқуға рұқсат етілген балалардың өзін аптасына кемінде екі рет мектепте білім алуға мүмкіндік жасау.

Әлемдік тәжірибелердің әдістемелік ұсынымдары да бұл методикаға әлдеқашан өткен. Себебі ерекше баланың төрт қабырғада бір педагогпен ғана сабақ оқуы — ақыл-ой қабілетінің дамуы үшін ұзақ уақыт алады және білімге деген қызығушылығы азаяды дейді мамандар. 

Оқу жоспарының тиімді модулінде — әр ерекше бала 30 минут сайын демалып, дидактикалық жұмыс пен түрлі психологиялық ойындар не жеңіл жаттығулар жасау керегі айтылады.

Ерекше баласы бар ата-аналардың осы және өзге де өзекті әлі күнге дейін шешімін таппаған проблемаларын Ras soz арнасынан «Инклюзивті білім берудегі қиындықтар қандай?» деген тақырыптағы сұхбаттан біле аласыздар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →