×

Ғани Бейсенбаев мұғалімдерге қатысты жаңа өзгеріс туралы айтты

Бұл туралы министр "Хабар 24" арнасындағы "Бетпе-бет" бағдарламасына берген сұхбатта  бөлісті

Ғани Бейсенбаев мұғалімдерге қатысты жаңа өзгеріс туралы айтты
gov.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогтерді аттестаттау жүйесінің жеңілдетілгенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

"Педагог мәртебесін көтеруде біз ұстаздарға деген көзқарасты өзгертуіміз керек. Елімізде 350 мыңнан аса мұғалім бар. Олар балаларымыздың білім-біліктілігін арттыруда, жас жеткіншектерімізді тұлға етуде үлкен қызмет жасап жатыр. Сондықтан да мұғалімнің жұмысы шығармашылық жұмыс болуы керек. Ол ешнәрсеге алаңдамауға тиіс. Осы мәселені зерттей, зерделей келе, әріптестермен ақылдаса келе бұған дейін портфолио жинайтын болса, оны алып тастауды шештік. Өйткені ол қағазбастылыққа, мұғалімнің негізгі жұмысынан алаңдатуға алып келетіні дәлелденді", - дейді Ғани Бейсембаев. 

Министрдің айтуынша, қажетсіз тесттер алынып тастауы керек. 

"Екіншіден қажетсіз тестулеудің көп екені айтылды. Оны да зерделедік. Сондықтан да педагогика-психологияға қатысты тестерді алып тастап, тек мұғалімнің өз пәніне қатысты тесті қалдырдық. Негізгі ұстаным - мұғалімнің жетістігі - оқушының жетістігімен бағалануы керек. Яғни мұғалім неғұрлым оқушыны жетістікке жеткізіп, білімін ұштап жатса, соғұрлым ондай мұғалдімдерді іздеп тауып, көтермелеуіміз, қолдауымыз керек", - деді оқу-ағарту министрі.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Кеше, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →