×

Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі

Бұл шара еліміздің 97 мың тәрбиешісін қамтиды

Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі
astanatv.kz

2023 жылдың қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие және білім беру педагогтерінің жалақысы тағы да 30%-ға өседі, деп хабарлайды  Qaz365.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл шара еліміздің 97 мың тәрбиешісін қамтитын болады.

“Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында 20 390 педагог кәсіби біліктіліктерін арттырады. 79 мектепке дейінгі ұйымда “Құзырет орталықтары” жұмыс істейді. Мұнда тәрбиешілер өзара тәжірибе алмасып, үздік жұмыстарымен бөліседі.

Сонымен қатар Үкімет балабақшаларда жаңа орындар ашу бойынша шаралар қабылдауда. Жыл басынан бері 29620 орынға арналған 307 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін балабақшаларда барлығы 81 мың, ал, 2025 жылға дейін 223 мың жаңа орын ашу жоспарлануда”, – дейді министрлік мәлімдемесінде.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
25.04.2024ж. 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →