×

Колледж оқытушыларының мектеп мұғалімдерінен айлықты 40% аз алуы әділетсіздік – депутат

Депутаттың айтуынша, мәселе айтылғанымен 2023 жылдың бюджетінде колледж мұғалімдерінің айлығын көтеру мәселесі қаралмаған

Колледж оқытушыларының мектеп мұғалімдерінен айлықты 40% аз алуы әділетсіздік – депутат
Фото: Оқу-ағарту министрлігінен

Колледж оқытушыларының мектеп мұғалімдерінен айлықты 40% аз алуы әділетсіздік. Мәжіліс депутаты Болат Нәжметдинұлы колледж мұғалімдерінің айлығы өсуі керек деп есептейді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мәжілісте қазір 2024-2026 жылдарған арналған бюджет талқыланып жатыр. Кулуарда депутат былай дейді:

«Бізде мектептер мен колледждер бар. Орта мектепте 9-11 сыныптарда оқытатын білімді колледждерде де оқытады. Бірақ айлықты колледждегілерден қарағанда мектепте 40 пайыз жоғары алады. Неге? Мен мамыр айында 2022 жылдың бюджетін қараған кезде осы мәселені көтергенмін. Министрлік сол кезде «осы мәселені 2024 жылы қараймыз» деп уәде берген».

Депутаттың айтуынша, мәселе айтылғанымен 2023 жылдың бюджетінде колледж мұғалімдерінің айлығын көтеру мәселесі қаралмаған. 
 

«2024 жылдың бюджетіне өте ме деген үміт болған. Алайда презентацияда тағы жоқ. Сұрағыма жауапты берді. Қаржы қарастырылмаған. Яғни республикадағы 800 колледждің айлығы мектеп мұғалімдерден аз ала береді. Бюджет талқысында осы мәселені көтеріп, керек болса премьер-министрге осы талапты қоямыз. Бәрі бірдей алуы керек. Әйтпесе бұл әділетсіздік», - дейді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
25.04.2024ж. 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →