×

29 заңбұзушылық: Ата-аналар Оқу-ағарту министрлігін сотқа берді

Бұл туралы Заңгер Жангелді Сүлейманов Оқу-ағарту министрлігін сотқа беретінін мәлімдеді

29 заңбұзушылық: Ата-аналар Оқу-ағарту министрлігін сотқа берді
Qaz365.kz коллажы

Ата-аналар Оқу-ағарту министрлігін сотқа берді. Бұл туралы заңгер Жангелді Сүлейманов Оқу-ағарту министрлігін сотқа беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сотқа 11 ата-ана қол қойған.

«Біз Оқу-ағарту министрлігіне оқу жылын 34-тен 36 оқу аптасына ұзарту туралы талап-арыз бердік.
Талап-арыз 50 бетте жазылған және білім саласындағы 29 жүйелі бұзушылықты қамтиды. Талап арызды Астана қаласының ауданаралық соты қабылдады!»  — деп жазады Сүлейменов.

Оның айтуынша, бұл тек білім саласына ғана емес, бүкіл Қазақстанға әсер еткен тарихи мәселе.

«11 талап қоюшы ата-ана біздің өмірімізді жақсартты, өйткені тарихта алғаш рет министрлік білім саласындағы барлық заң бұзушылық туралы сотта есеп береді! Ең маңызды сот ісінің қалай өтіп жатқанын бүкіл Қазақстан көруі үшін бізге сот процестерінің онлайн трансляциясын ұйымдастыратын көмекшілер қажет. Ал сотта мамандардың бірі біздің жақтан сөйлеп жатса, әрине, қуанамыз. Қалай болғанда да, процесс басталды және оны тоқтату мүмкін емес! Бұл біздің бүгінгі күнді өзгертіп жатқанымызды және балалар мен Қазақстанның жарқын болашағына сенімді екенімізді білдіреді», - деді заңгер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
25.04.2024ж. 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →