×

Мектеп – ең алдымен білім ордасы: Президент мектептегі хиджап дауына қатысты не деді

Мектеп – ең алдымен білім ордасы: Президент мектептегі хиджап дауына қатысты не деді
Коллаж Qaz365.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерде хиджаб кию мәселесін көтеріп, Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мен қоғамда жиі талқыланатын тағы бір мәселеге тоқталғым келеді. Қазақстан – Конституция бойынша зайырлы мемлекет. Бұл қағида барлық жерде, соның ішінде білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс. Мектеп – ең алдымен, білім ордасы. Балалар мектепке білім алу үшін барады.

Ал діни ұстаным – әр азаматтың жеке мәселесі, өз таңдауы. Елімізде дін бостандығына заңмен кепілдік берілген. Балаларымыз есейіп, дүниетанымы толық қалыптасқан соң өз таңдауын жасағаны дұрыс деп санаймын. Ең бастысы, көзқарасы айқын, санасы сергек әрі дәстүрге берік ұрпақ тәрбиелеу керек.

Жалпы, зайырлы деген сөздің мазмұны терең, өте ауқымды. Халқымызға қатысты айтатын болсақ, бұл – салауатты өмір салтын ұстану, прагматикалық көзқараста болу және дәстүрлі дінімізге, ұлттық сананы арқау еткен салтымызға шынайы құрмет деген сөз", - Қасым-Жомарт Тоқаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Кеше, 16:45

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →