×

Колледж студенттерінің шәкіртақысы ЖОО студенттерінің шәкіртақысымен теңеседі – Бейсембаев

Министрдің айтуынша,  2024 жылға дейін колледж студенттерінің шәкіртақысы екі есе өседі

Колледж студенттерінің шәкіртақысы ЖОО студенттерінің шәкіртақысымен теңеседі – Бейсембаев
pixabay.com

 Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев кәсіптік-техникалық колледждерде оқитын студенттердің шәкіртақысы жоғары оқу орындарында оқитын студенттердікімен теңесетінін мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Өздеріңіз білетіндей, жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы өскен. Алайда кәсіптік-техникалық колледждерде шәкіртақы қалып қалған. Сол себепті биыл Үкімет қолдауымен қыркүйектен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысын екі есе өсіру туралы шешім жасалды. Келесі жылы тағы 50 пайызға өседі. Осылайша, колледждерде оқитын студенттердің шәкіртақысы жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің шәкіртақысымен теңеседі», - деді Бейсембаев Үкіметтің баспасөз орталығында.


Оның айтуынша, 2024 жылға дейін колледж студенттерінің шәкіртақысы екі есе өсетінін мәлім етті. Яғни екі есе көтеріледі.

«Биыл олардың шәкіртақы сомасы 32 мың теңге болса, қазір дәлірек айтпаспын, бірақ 2024 жылы 40 мың теңгеден асады», - деді Бейсембаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →