×

Алматыдағы 206 мектептің асханасына оқушылардың тамақтану сапасын бақылау үшін бейнебақылау орнатылды

Бүгінде 134 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтылып отыр

Алматыдағы 206 мектептің асханасына оқушылардың тамақтану сапасын бақылау үшін бейнебақылау орнатылды

Алматыдағы 206 мектептің асханасына оқушылардың тамақтану сапасын бақылау үшін бейнебақылау орнатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайтудың ең өзекті мәселелерінің бірі оларды сандық және сапалық жағынан физиологиялық және гигиеналық талаптарға жауап беретін дұрыс тамақпен қамтамасыз ету болып табылады.

Оқушыларды дұрыс әрі сапалы теңдестірілген тамақпен қамтамасыз ету үшін Алматыда ведомствоаралық сараптама тобы құрылады. Ол қала мектептерінде тамақтанудың сапасы мен тиімді ұйымдастырылуына жүйелі мониторинг жүргізеді. Бұл туралы басқарма басшысы Ләззат Жылқыбаева хабарлады. Кестеге сәйкес, күнтізбелік жыл ішінде білім беру саласының қызметкерлерінен, аудан әкімдерінен, депутаттардан, ата-аналардан және Қазақ тамақтану академиясының өкілдерінен тұратын комиссия өкілдері қаланың барлық білім беру ұйымын аралап шығады.

«Асхананы жалға алушыларға бейнебақылау камерасын орнатуды міндеттеу үшін қазір білім беру ұйымдарының басшыларына тапсырма берілді. 206 мемлекеттік мектептің асханасына камералар орнатылған (қалада барлығы 215 мемлекеттік мектеп бар). Бұл ведомствоаралық комиссияға кез келген уақытта балаларға арналған тағамдардың қалай дайындалатынын көруге мүмкіндік береді. Бүгінде орта білім беру ұйымдарында тамақты 85 жалға алушы қамтамасыз етеді. Қызмет көрсетушіні білім беру ұйымдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы бұйрығына сәйкес конкурстық негізде таңдайды. Сонымен қатар, соңғы уақытта жергілікті бюджеттен мектеп асханасының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қаражат бөлініп отыр», – деді Білім басқармасының басшысы. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әкімдігінің шешімімен 2022-23 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. 2023 жылға арналған жалпы бюджет жергілікті бюджет есебінен 20,4 млрд теңге болды. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балаларды қосқанда, бүгінде 134 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтылып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды
Кеше, 15:37

Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды

Орталық «Түркі дүниесі жастары» атты форум аясында іске қосылып отыр
ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 
13 қараша күні Талдықорған қаласы оқушылар сарайында облыстық балалар құрылтайы өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →