×

Тоқаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорын қабылдады

Ректордың айтуынша, университетте 400 ғылыми жоба іске асырылып жатыр 

Тоқаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорын қабылдады
akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президентке университеттегі маман даярлау ісінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалып, келесі жылы 90 жылдығын атап өтетін жоғары оқу орнының стратегиялық даму жоспары таныстырылды.

Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, қазір университетте жалпы құны 8,1 миллиард теңге болатын 400 ғылыми жоба іске асырылып жатыр.

Президенттің мамыр айындағы ҚХР-ға ресми сапары аясында ҚазҰУ-да Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалын ашу жөнінде келісімге қол қойылған болатын. 12 қазанда университет базасында аталған оқу орнының филиалы ашылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына 2024-2026 жылдары ҚазҰУ қалашығы құрылысының екінші кезеңі іске асырылатыны жөнінде мәлімет берілді. Жаңа қалашықта 8 оқу корпусы, технопарк және 12 жатақхана бой көтермек. Жуық арада 3180 орындық 3 жатақхананың құрылысы басталады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасын жақсарту, еліміздің дамуына ғылымның қосатын үлесін арттыру және университет қалашығын жаңғырту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →