×

“Білім-Инновация” лицейлерінің 5 мектебін жөндеуге қаржы бөлінеді - Ғани Бейсембаев

Сондай-ақ Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Алғыс хатымен бірқатар мұғалім марапатталды

“Білім-Инновация” лицейлерінің 5 мектебін жөндеуге қаржы бөлінеді - Ғани Бейсембаев
bil.edu.kz

Биыл 30 жылдығын тойлап жатқан “Білім-Инновация” лицейлерінің 5 мектебі жөнделеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

“Жайлы мектеп” жобасы аясында республикадағы апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешетін жоба қабылданып жатыр. 740 мың оқушыға арналған 369 мектеп салынғалы жатыр. Сонымен қатар, Дархан Өте мырзамен ақылдаса отырып, кейбір “Білім-Инновация” лицейлеріне де жаңа ғимарат қажет екені жөнінде пікірлескен болатынбыз. Биыл “Білім-Инновация” лицейлерінің 5 мектебінің құрылыс-жөндеу жұмыстарына тиісті қаржы бөлінеді. Бұл 30 жылдыққа мемлекет  тарапынан тамаша сый-сыяпат деп ойлаймын”, – деді министр.

Сондай-ақ Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Алғыс хатымен бірқатар мұғалім марапатталды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҰБТ-2025: Бүгін елімізде тестілеудің негізгі кезеңі басталды
Кеше, 11:40

ҰБТ-2025: Бүгін елімізде тестілеудің негізгі кезеңі басталды

Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын
Бейнежазба желі қолданушыларының қызу талқысын тудырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →