×

Қапы қалмаңыз: Coursera курстары 20 000 қазақстандық студентке қолжетімді болады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Facebook парақшасында Coursera онлайн оқыту платформасымен ортақ жоба іске асатынын мәлімдеді

Қапы қалмаңыз: Coursera курстары 20 000 қазақстандық студентке қолжетімді болады
Facebook / Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Facebook парақшасында Coursera онлайн оқыту платформасымен ортақ жоба іске асатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2012 жылы Стэнфорд университетінің профессорлары Дафна Коллер мен Эндрю Ын құрған ғаламдық онлайн оқыту платформасы әлем бойынша 77 миллионнан астам студентті қамтиды. 275 жетекші университетпен және компаниямен тығыз ынтымақтастық орнатқан.

“АҚШ-қа жұмыс сапарым барысында бүгін Coursera басшысы Jeff Maggioncalda мырзамен кездесіп, ортақ жобамыз бойынша сұрақтарды талқыладық.

Бұл жоба Қазақстан Президентінің 2022 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркке сапары кезінде іске қосылған болатын. Кездесу барысында екі жаққа да тиімді уағдаластыққа қол жеткізілді.

Келісім бойынша бағдарламаның бірінші кезеңі осы айда басталады. Coursera курстары 25 өңірлік университеттегі 20 000 қазақстандық студентке қолжетімді болады”, – деп жазды министр.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жаһандық білім беру платформасының бағдарламалау және цифрландыру, математика, физика, маркетинг және басқа да салаларды қамтитын 50 курсы қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Министрлік командасы бағдарламаны 600 курсқа дейін кеңейтіп, оларды қазақ тіліне бейімдеумен айналысып жатыр. Алдағы үш жылда 100 000 қазақстандық студент пен өзге де пайдаланушылар Coursera платформасына қол жеткізе алады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
25.04.2024ж. 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →