×

Алматы оқушылары PISA халықаралық зерттеуі бойынша көш бастап тұр

Алматы қаласы «математикалық сауаттылық» және «жаратылыстану сауаттылығы» бағыттары бойынша бірінші орынға ие болды

Алматы оқушылары PISA халықаралық зерттеуі бойынша көш бастап тұр
Kazinform

Қазақстан PISA-2022 халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша математика және жаратылыстану ғылымдарынан топ 50 елдің қатарына енді. Бұл туралы ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында ҚР Білім министрлігі хабарлады. Еліміздің білім рейтингін арттыруға Алматы қаласы үлкен үлес қосқаны қуантады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

PISA зерттеуінің жаһандық рейтингі – білім сапасын бағалаудың маңызды халықаралық жүйелерінің бірі. ҚР Білім министрлігінің мәліметінше, оқушылар 81 елдің ішінде математикадан 46 орын, оқудан 61 орын, жаратылыстану пәні бойынша 49 орынды иеленді.

Бұл ретте, Алматы қаласы оқушыларының барлық ұлттық және халықаралық рейтингтер бойынша көрсеткіштері еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда тұрақты жоғары болып қалуда. PISA-2022 зерттеуінің нәтижелері бойынша ел бөлінісінде Алматы қаласы «математикалық сауаттылық» және «жаратылыстану сауаттылығы» бағыттары бойынша бірінші орынға ие болды. 

Мәселен, математикалық сауаттылық бойынша Алматы қаласының орташа балы 453 құрады, бұл ел бойынша орташа балдан (425 балл) жоғары.

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы бойынша Алматы қаласының орташа балы – 458, ел бойынша орташа балдан (423 балл) асып түсті.

Сонымен қатар, оқу сауаттылығы саласында Алматының орташа балы 423-ті құрады, бұл ел бойынша орташа балдан да жоғары (386 балл). Оқу сауаттылығы бойынша Алматы қаласы ел бойынша жалпы рейтингте 3-орынға ие болды. 

Қорыта айтқанда, Алматы PISA-2022 халықаралық зерттеуінде математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бағыттары бойынша көшбасшы орынға ие болуы қаламыздың білім беру жүйесінің үлкен жетістігін көрсетеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →