×

«Адами құндылық осы ма»: Оқушыларының әрекеті ұстаздың көңілін босатты

Бастауыш сынып мұғалімі жариялаған видео желі қолданушыларының назарын аудартты

«Адами құндылық осы ма»: Оқушыларының әрекеті ұстаздың көңілін босатты
видеодан кадр

Әлеуметтік желіде бастауыш сынып мұғалімі Салтанат Бердібаеваның жариялаған видеосы желі қолданушыларының назарын аудартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Онда мұғалім балаларының өзінің көңілін елжіреткен әрекетін айтып берді.

«Қазір бір жылап алдым. Бүгін сағат 10:06-да мектебіміздің есік алды тазалаушысы Совет ағай қайтыс болғаны туралы хабар алдым. Ол кісі кеше ме, кешенің алдын күні ғана жұмыста жүрген. Сөйтіп сағат 10-да балаларға жағдайды айтып, есік алды тазаланбай қалатын болды, көмектесіп, күрек алып, қар күреп жіберіңдерші деп қана айттым», – деді оқушылардың сынып жетекшісі.

Оның айтуынша, оқушылар түскі астан кейін жарты сағаттық қоңырауға шығады.

«Сағат 1-де далаға шығып қалсам, есіктің алдында балаларым қар күреп жатыр. Сосын мектептің артына барсам, ұлдардың жартысы стадионды тазалап жатыр екен. Қолдарында күрек, сыпыртқы бар. «Не істеп жүрсіңдер» десем, «апай біз екіге бөлініп, жартымыз мектептің алдын, қалған жартымыз мектептің артын сыпырады» деп кәдімгідей көмектесіп жатыр. Бұл менің көңілімді қатты елжіретті. Адами құндылық осы ма деп мен қазір ойлап отырмын. Балаларымның адамгершілігі өте жоғары», – деді мұғалім.

Видеоға пікір білдіргендер арасында да балалардың әрекетіне сүйсінгендер аз емес.

«Керемет тәрбие беріп отырған ата-аналары мен сізге мың алғыс!», «Балаларға риза болдым, мың алғыс!», «Жандарым! Ата-аналарының тәрбиесі ғой», – деп жазды желі қолданушылары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында білім бөлімі басшысы жүргізушісін гимназияға орналастырып, жалақысын алып отырған
Кеше, 11:04

Алматы облысында білім бөлімі басшысы жүргізушісін гимназияға орналастырып, жалақысын алып отырған

686 млн жымқырған Іле аудандық білім бөлімінің басшысы және 7 есепшісінің былығы
Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →