×

Coursera бас директоры ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен ынтымақтастықтың сәтті үлгісін бөлісті

47 248 студент Coursera платформасында 70 112 курстан өтті

Coursera бас директоры ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен ынтымақтастықтың сәтті үлгісін бөлісті

Дүниежүзілік экономикалық форумда Coursera бас директоры Джефф Маджонкальда Coursera білім беру платформасындағы Қазақстанның жетістіктеріне тоқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Давоста Дүниежүзілік экономикалық форумның 54-ші жыл сайынғы отырысы өтуде. Іс-шараға 60-тан астам мемлекет және үкімет басшылары, 300-ге жуық министрлер және басқа да саяси көшбасшылар қатысуда.

«The Race to Reskill» талқылауында генеративті жасанды интеллекттің әсері, жұмыс орындарына цифрлық трансформация, адамдар мен мекемелердің қазіргі экономикада өркендеуі үшін қажет дағдылар сияқты тақырыптар талқыланды.

Өз сөзінде Coursera бас директоры Қазақстан туралы Үкімет пен бизнес арасындағы институционалдық ынтымақтастықтың табысты үлгісі ретінде айтып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен әріптестіктің жетістіктерімен бөлісті.

«Біз Қазақстан мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен жұмыс істеу барысында Үкімет пен бизнестің, Үкімет пен жоғары оқу орындарының арасындағы ынтымақтастықты көріп отырмыз. Үкімет несие беру жүйесіне қарсы емес, іс жүзінде 25 түрлі мемлекеттік және жеке білім беру бағдарламаларына 1000 лицензия бере отырып, салалық лицензиялық сертификаттарға субсидия бөлу арқылы демеушілік жасайды. Осылайша, университеттер студенттерге қол жетімді оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізе алатын мүмкіндіктерді көруі мақсатында қаржылық кедергіге тап болмас үшін бағдарламаны пилоттық іске қосуға демеушілік жасалады», - деп атап өтті Д.Маджонкальда.

Қазір 25 өңірлік жоғары оқу орындарының 47 248 студенті Coursera платформасында 70 112 курстан өтіп, сертификаттар алды. Атап айтқанда, 27 мың курс қазақ тілінде, 2600 курс ағылшын тілінде, 1300-ге жуық курс орыс тілінде өтті. Таңдалған курстар IT, кәсіпкерлік, физика және бизнес салаларын қамтиды. Бүгінгі таңда Coursera-ның 4000-нан астам үздік курсы қазақ тіліне аударылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қыркүйегінде ынтымақтастықты дамыту және қазақстандық азаматтардың жетекші шетелдік профессорлардың курстарына қолжетімділігін кеңейту мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Coursera компаниясы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Қазтест" тестілеуін өткізудің жаңа қағидалары бекітілді
Бүгін, 14:40

"Қазтест" тестілеуін өткізудің жаңа қағидалары бекітілді

Белгілі бір деңгейдегі сертификат алу үшін әр тест блогынан шекті балл жинау керек
Бұған дейін ФИДЕ шебері атағы бар адам ешқашан Нобель сыйлығын алмаған
Мемлекет қазынасына тиісінше жұмсалмаған 15 миллиард теңге қайтарылды
Рейтинг оқу орындарын төрт негізгі өлшем бойынша бағалайды: білім сапасы, ғылыми зерттеулер, дәйексөз және халықаралық ынтымақтастық

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →