×

Елімізде тағы бір ұлыбританиялық жоғары оқу орнының филиалдары ашылады

Елде британиялық жоғары оқу орындарының филиалы пайда болады

Елімізде тағы бір ұлыбританиялық жоғары оқу орнының филиалдары ашылады
Фото: Davran Gaipov / Facebook

Сүлейман Демирел атындағы университеттің бұрынғы ректоры Давронжон Гаипов жуырда Қазақстанда британиялық жоғары оқу орындарының филиалы ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Баршаңызға мәлім, соңғы 2-3 жылда елімізде батыстың бірнеше жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады. Сөйтіп, отандық ЖОО-ын барынша бәсекеге қабілетті болуға итермелеп отыр. Бұл үдеріс әлемдік транснационалдық білім беру моделінің көрінісі деп айтуға болады. Ұлыбританиядағы ғылыми тағылымдама барысында жоғары білім саласында кәсіби біліктілігіме қажетті дүниелерді жинақтаған болатынмын. Осы орайда  бағытына сәйкес ҚР ҒжЖБ тарапынан қаржыландырылатын 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми жобаға жетекшілік етудемін. Сонымен қатар, еліміздегі транснационалдық білім беру үдерісін нығайтуға үлес қосатын инвестициялық жобалармен айналыса бастадым. Бұйырса, жуырда елімізде тағы да бірнеше британдық ЖОО-ның филиалдары ашылып, жастарға өз елімізде халықаралық стандарттарға сай, сапалы білім беретін болады», – дейді Давронжон Гаипов.

Айта кетейік, былтыр Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбритания Парламенті ғимаратында Баронесса Эмма Никольсонмен және жетекші британдық жоғары оқу орындарының басшыларымен кездескен болатын. Сол кезде министр британиялықтарды Қазақстанда филиал ашуға шақырған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →