×

Мәжіліс депутаты педагог қызметкерлерінің мәртебесін көтеруді ұсынды

Ол  бірнеше ұсыныс айтты

Мәжіліс депутаты педагог қызметкерлерінің мәртебесін көтеруді ұсынды
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутат Самат Нұртаза колледж педагогтерінің мәртебесін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде педагогикалық колледждердің жалпы жұмыс істеу жүйесіне, әдістемесіне бөлек қолдау қажеттілігі көрініп тұр. Өзіңіз білетіндей, биыл қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, әр мұғалім үлгі тұтатын Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдық мерейтойы аталып өтпекші. Алайда, осындай атаулы жылда бүгінгі білім беру саласында ақаулықтар бар екені мәлім», – дейді Самат Нұртаза.

Ол осыған қатысты вице-премьер Тамара Дүйсенова жолдаған депутаттық сауалында педагог кадрларды даярлауды жетілдіруге қатысты бірнеше ұсыныс айтты.

Олар мыналар:

1. Жоғарғы оқу орнына туыстас мамандықтарға қабылдауға білім беру грантын көбейту туралы.
2. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагог қызметкерлерінің мәртебесін көтеру туралы.
3. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары мен тағылымдамадан өту туралы.
4. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
25.04.2024ж. 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →