×

Қазақстанда колледж студенттерінің шәкіртақысы тағы 50%-ға өседі

Биыл қатары 300 мыңға жуықтаған студенттің стипендиясы тағы артады

Қазақстанда колледж студенттерінің шәкіртақысы тағы 50%-ға өседі
Фото: ашық дереккөзден

Биыл 300 мыңға жуық колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға өседі, деп хабарлайды Qaz365.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Былтыр қыркүйек айында 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы артқан. Биыл жаңа оқу жылынан бастап оның көлемі тағы 50%-ға өседі. Ал шәкіртақының ұлғайтылған көлемін алатын студенттердің саны 300 мыңға жетеді.

«Сонда орта буын мамандықтарының студенттері 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі», – дейді министрлік мамандары.

Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге тамақ пен жолақы сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Айта кетейік, Қазақстандағы колледждерде барлығы 542 мың студент білім алуда. Олардың ішінде 344 мың адам тегін оқиды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Грекияда өткен халықаралық "STEM" байқауында ауыл оқушылары топ жарды
06.05.2025ж. 17:15

Грекияда өткен халықаралық "STEM" байқауында ауыл оқушылары топ жарды

Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан барған ауыл оқушылары екі бірдей номинацияға ие болған
«Отан қорғауға дайындық»: 40 АӘТД мұғалімі ведомстволық марапаттарға ие болды
Оқушы Айсұлтан Алтынбек табысқа жету жолында алған тәжірибесі мен болашақтағы жоспарлары жайлы бөлісті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →