×

Телефонға телмірген жастар арасында көз ауруы көбейген: дәрігерлер не дейді

Телефонға деген тәуелділік тек балаларға ғана тән емес

Телефонға телмірген жастар арасында көз ауруы көбейген: дәрігерлер не дейді
Фото: krassever.ru

Қазақстанда телефонға телмірген жастар арасында көз ауруы көбейген. Дәрігерлер дабыл қағып отыр. Өйткені 5 және 13 жастағы жеткіншектердің 60%-ның көру қабілеті нашарлаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мамандардың айтуларынша, әр үш баланың екеуінің қолында планшет пен телефон бар. Түрлі электроникадан тарайтын қауіпті электормагниттік сәулелер ағзаға оңай еніп, көздің мүлдем көрмей қалу қаупін төндіреді екен.

Бұрын көз дәрігерінің қаралуына келетін егде жастағы ересектер болса, ал қазір бесіктен белі шықпаған балақайлар болып отыр. Бүгінде сағаттап телефонға телміретін балалар арасында көзінің көруі нашарлап, неврологиялық аурулар, одан қалды тілдің кеш шығуы көбейген. Мамандар сондай балалардың арасында зерттеу де жүргізген, көрсеткіш көңіл көншітпейді. Жеткіншектердің үштен бірінде гаджеттік синдромның аурулары анықталған. Ал психологтар болса, гаджеттік синдромның шырмауына түскен балалардың қайтадан қалыпты өмірге бейімдеу көп уақытты қажет етеді дейді.

«Ақпараттық жүйенің дамыған заманында, қазір ересектердің, жасөспірімдердің, кішкентай балалардың арасында гаджеттік синдром деген жаңа термин пайда болды. Телефон, компьютер тағы да көптеген құрылғылардан пайда болуына байланысты, баланың оларға деген тәуелділігі өршіп келеді. Жас ата-аналар туған кезден бастап баланы тыныштандыру мақсатында көбіне баланың қолдарына гаджеттер ұстатады. Бұл, әрине, дұрыс емес. Себебі бұл баланың физио-психологиялық процесіне өте үлкен зиянын тигізеді», – дейді психолог Сәуле Ғұбайдуллина.

Дәрігерлердің айтуынша, телефонды жатып және еңкейіп пайдаланудың соңы омыртқаның қисаюы мен мидың жұмысын бұзады деп отыр.

«Балалар телефонға ұзақ уақыт бойы телміргендіктен, қимыл- қозғалыстары азайып, дұрыс отырмайды, көп сөйлемейді, тек тыңдауды біледі, дұрыс дамымайды. Сондай-ақ мазасыз болып болып, көз көруі де нашар болады», – дейді невропатолог Маржангүл Нұғманова.

Бүгінде жаһандық технология күннен-күнге қарыштап барады, телефонға деген тәуелділік тек балаларға ғана тән емес, жас таңдамай орын алып жатқан құбылыс.

Айта кетейік, мектеп оқушыларына сабақта телефон пайдалануға тыйым салынады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Бүгін, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →