×

«Бюджетке едәуір жүктеме түсіреді»: Үкімет мұғалімдердің айлығын көтеруге келіспеді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр депутаттарға берген жауабында Қазақстандағы мұғалімдерге қаншалықты айлық беріліп жатқанын тізеді

«Бюджетке едәуір жүктеме түсіреді»: Үкімет мұғалімдердің айлығын көтеруге келіспеді
Қазалы газеті

Мәжіліс депутаттары халық саны 10 мың адамға жетпейтін «кент», «қала» мәртебесі бар елдімекендердегі мектеп мұғалімдеріне ауылдық коэффициент енгізу мәселесін көтерген. Үкіметтің жауабы педагогтарды қуантпады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр депутаттарға берген жауабында Қазақстандағы мұғалімдерге қаншалықты айлық беріліп жатқанын тізеді. Олардың беделі артып, еңбек жағдайлары жақсартылып, педагогтердің құқықтары мен мүмкіндіктері кеңейтілгеніне жеткізеді. Атап айтқанда, педагогтердің жүктемесін азайту бойынша шаралар қабылданып, мұғалімдердің еңбегін, сондай-ақ демалыс уақытын нормалау жүйесі әзірленген. Тәлімгерлік, магистр дәрежесі үшін, сондай-ақ спорт секцияларын жүргізгені үшін қосымша ақылар енгізілді, орта білім беру ұйымдарында сыныптық басшылық пен дәптерлерді тексергені үшін қосымша ақылар едәуір ұлғайтылған.

«Жергілікті атқарушы органдар педагогтерге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК кемінде 300 еселенген мөлшерінде сыйақы түрінде қосымша ынталандыру төлемдерін белгілеуге құқылы. Заңға сәйкес, аудандық маңызы бар қалаларға, оларға аумағында өнеркәсiптік кәсіпорындар, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының, мәдени-ағарту және сауда объектілерінің дамыған желісi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам және кенттерге халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын елдi мекендер жатады деп көрсетілген. Бүгінгі таңда ел аумағында 48 аудандық маңызы бар қала мен 29 кент бар. Аудандық маңызы бар қалалардың 12-де халық саны 10 мыңнан кем», - дейді Скляр жауабында.


Кенттер мен халық саны 10 мың адамнан кем елдімекендерге ауылдық коэффициенті енгізсе, Склярдың пікірінше, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарды толық қамту қажет.

«Аталған шараларды енгізу бюджетке едәуір жүктеме түсіретіндігін атап өткен жөн. Осыған орай, аталған мәселе құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталатын болады», - делінген жауапта.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
25.04.2024ж. 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →