×

Ұлттық құндылықты ұлықтаған ұстаз – Марина Бессуднова

Оның қазақ тіліне деген құрметі бала күнінен басталыпты

Ұлттық құндылықты ұлықтаған ұстаз – Марина Бессуднова

Марина Бессуднова – Семей қаласының іргесіндегі Озерки ауылындағы орта мектепте қазақ тілінде сабақ беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген ұстаз. Мамандығы – информатика пәні мұғалімі. Осыдан 15 жыл бұрын «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген Марина Давыдовна бірнеше рет облыстық байқауларға қатысып, қазақтың ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін насихаттайтын челлендж бастауымен де жақсы танлған еді. Сонымен қатар өз пәнінде ұлттық ойындарды пайдалана отырып, авторлық оқыту әдістемесін енгізгені де ерекше атап өтер кәсіби шеберлігін көрсетсе керек, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 «Оқушыны информатика сабағына жай ғана компьютьер, интерактивті тақта, панель арқылы қызықтыру мүмкін емес, өйткені бұл құрылғылар барлық сабақтарда қолданылады. Сондықтан пәнге құштарлығын ояту үшін ұлттық құндылықтарды сабағыма кірістіріп, қолданып келе жатырмын», - деп ағынан жарылды Марина.

Мәселен, ол сабақта оқушыларды топқа бөліп оқыту барысында «Асық» «Жетіген», «Домбыра» сынды қазақттың ұлттық құндылығын айқындайтын тәсілдерді қолданады. Оқушылар  «Жеті тақия», «Теңге алу», «Арқан тартыс» сияқты топтық жұмыстарға да қызыға қатысады. Маринаның қазақ тілінде кітап оқып, ән айтқаны да әріптестерін әрдайым сүйсінтеді. Осындай қасиеттерімен дараланғандықтан болар, ол биыл облыста алғаш рет өткен «Үздік ауыл мұғалімі-2024» облыстық конкурсында жүлделі І орынға ие болды.

Информатика пәні мұғалімі қазақ мектебінде оқыған, жоғары оқу орнында қазақ тілінде білім алды. Қазақ тіліне деген құрметі, сүйіспеншілігі бала күнінен басталыпты.

«Мен Үржар ауданы, Қарақол ауылында туып-өстім. Сондықтан шығар, қазақ тілінде еркін сөйлеу жұмыста да, өмірде де нақты мақсатқа жетуіме жол ашты. Информатикадан сабақ берген ұстазым Асланбек Чабаевқа менің осы мамандықты таңдауыма әсер еткені үшін де алғысым зор. Менің ойымша, мемлекеттік тіл ел бірлігін нығайтады. Өз басым үнемі сыйластықты, татулықты сақтауды алға қойған қазақ халқына ерекше құрметпен қараймын», - дейді М. Бессуднова.

Сәтжан Қасымжанұлы

Абай облысы

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Іс-шараға жобаға қатысушы барлық жеті тараптың өкілдері қатысты
Кеш бағдарламасының аясында  Қазақстанның ең үлкен туы — аумағы 800 шаршы метр, салмағы шамамен 60 килограмм жібек ту ашылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →