×

Абай облысында бюджет қаржысына балабақшаның бірі 13 тонна шай сатып алмақ болған

Білім саласындағы жемқорлықтар

Абай облысында бюджет қаржысына балабақшаның бірі 13 тонна шай сатып алмақ болған
Фото: ашық дереккөзден

 Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу барысында Ақсуат ауданының «Балдырған» балабақшасы 13 тонна шай сатып алуды жоспарлағанын анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ұлан Сәдуақасов өңірлік коммуникациялық қызмет алаңында БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлімдеді. Аталған департаменттің араласуымен жоспарланған 13 тонна шайдың мөлшері 19 килограммға дейін төмендетіліп, нәтижесінде 57 млн теңгеге жуық қаражаттың талан-таражға түсуіне жол берілген жоқ.

Білім саласына қатысты жемқорлықтың тағы бір «жарқын мысалын» Аягөз ауданындағы №6 мектептің әрқайсысы 3 млн теңге тұратын 3 шаңсорғыш сатып алуды көздегенінен көруге болады. Алайда аталған құрылғының нарықтағы орташа бағасы 250-300 мың теңгеден аспайтындығы анықталып, ұсыным нәтижесінде сатып алу сомасы 900 мың теңгеге дейін төмендетілді.

 «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай терезе арқылы мониторингтеу мәселесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер бізге айтарлықтай көмек көрсетеді. Олардың белсенділігінің арқасында жыл басынан бері 97 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Жалпы, І тоқсан қорытындысы бойынша үнемделген қаражат сомасы 347,4 млн теңгені құрады», - дейді Ұлан Сәдуақасов.

Сәтжан Қасымжанұлы

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
25.04.2024ж. 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →