×

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Күнделікті өмірде электр жабдықтардың адам өміріне кері әсері жайлы ақпараттарды жиі естиміз. Төрткүл дүниенің түйіткілді мәселесі жайында сан түрлі ғылыми жаңалықтар ашылып, зерттеулер жүргізілген. Бүгін дәл сол зерттеушілер қатарына Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Әлихан Келсінғазин және Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Адель Мамутова еніп, ғылыми еңбектері авторлық құқық құжатын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Зерттеушілер ғылымның аса күрделі саласы – электромагниттік толқындардың эмбриондық дамуға әсері жайлы тың жаңалық ашқан.  Қарапайым «lissachatina fulica» ұлуын зерттеуге ала отырып, олардың организмдеріне электромагниттік сәулелердің әсерімен қатар, генетикалық салдарын да қарастырған.

Бұл жоба белсенді ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға, электромагниттік толқындар мен экожүйенің күрделі өзара әрекеттесуін түсінудегі маңызды қадам болып табылады.

Жас ғалымдардың ізденістеріне биология ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор Айнұр Қыдырмолдина мен химия пәнінің мұғалімі Меруерт Құдабекова жетекшілік жасады.

Сондай-ақ, Әлихан мен Адельдің ғылыми туындылары «Дарын» республикалық ғылыми жобалар конкурсының NIS желілік кезеңінде күміс медаль иеленген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында білім бөлімі басшысы жүргізушісін гимназияға орналастырып, жалақысын алып отырған
Бүгін, 11:04

Алматы облысында білім бөлімі басшысы жүргізушісін гимназияға орналастырып, жалақысын алып отырған

686 млн жымқырған Іле аудандық білім бөлімінің басшысы және 7 есепшісінің былығы
Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →