×

Хиджабқа тыйым күшінде: министрлік жекеменшік мектептер ескертусіз тексеру құқығына ие болды

Ғани Бейсембаев өскелең ұрпақтан ертең табысты тұлғаны қалыптастыруға көбірек бағыттауымыз керек деп мәлімдеді

Хиджабқа тыйым күшінде: министрлік жекеменшік мектептер ескертусіз тексеру құқығына ие болды
Фото: kavkazr.com

Бұл туралы Үкіметте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналистер министрге мектептегі хиджаб жайлы тағы сұрақ қойған. Бұл сұрақ министрді шаршатқанын үнінен байқауға болады. Ол тағы да мектептерде арнайы заң, ереже бекітілгенін, оқу ордасы – діни мекеме емес екенін баса айтты.

«Жеке білім беру ұйымдарына келер болсақ, оқушылардың хиджаб киюі жағынан бізге нақты шағым келіп түскен кезде біз Атырау облысындағыдай мектепті мектепті жаптық. Мұндай жұмыс жалғасады», - деді Бейсембаев.

Ғани Бейсембаев өскелең ұрпақтан ертең табысты тұлғаны қалыптастыруға көбірек бағыттауымыз керек деп мәлімдеді. Сондықтан осы саясат ары қарай жалғасатынын жеткізді. 

«Кәсіпкерлік кодексі бойынша бізде сигналсыз жеке мектептерді тексеретін құзірет болған жоқ,  тіпті болған кезде де прокуратураның рұқсатымен тексерілетін. Қазір бұл бағытта үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Енді біз барлық білім беру ұйымдарының заңдылықтың орындалуын тексерумен сәйкестендіру үшін кез келген білім беру ұйымдарына ескертусіз кіруге мүмкіндік аламыз», – дейді министр.

Таяуда АҚШ елінің діни сенім бостандығы жөніндегі комиссиясы Қазақстанға келіп, елде діни еркіндік жағынан шектеу барын айтқан еді. Бұл сұрақ Қазақстанның Оқу-ағарту министріне де қойылды. Бірақ Ғани Бейсембаев ең алдымен, осы елдің заң бірінші орында тұратынын, оның үстем екенін ескертті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Бүгін, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →