×

Астанада мектеп оқушысы суға бата жаздаған бес жасар баланы құтқарып қалды

Бейбіт заманның батыры

Астанада мектеп оқушысы суға бата жаздаған бес жасар баланы құтқарып қалды
Фото: әлеуметтік желіден

Астананың 11-сынып оқушысы Марлен Көшербай ерлігімен көзге түсіп, өзенге батып бара жатқан бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, №52 мектеп-гимназиясының 11 «А» сынып оқушысы Марлен Көшербай Ақмола облысы үйлерінің бірінің қасында өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалған.

12 мамыр күні сағат 11 шамасында Марленді қарындасы оятып, өзенге бір баланың батып бара жатқанын айтады.

Марлен бірден үйдің жанындағы өзенге қарай жүгіріп, суға батып бара жатқан бүлдіршінге көмекке ұмтылып, судан аман-есен шығарып алды.

Марлен Көшербай – оқуының үздігі, спортпен тұрақты айналысады. Белбеу күресінен жасөспірімдер арасында Астананың ашық біріншілігінде 55 келі салмақта «алтын» жеңіп алған, сол сияқты «Аршалы Барысы» турнирінің ІІ орын иегері. Бала кезінен көкпар спортына қатысады.

Бейбіт заманның батыры өз сөзінде кішкентай баланың өлім мен өмірдің ортасында тұрғанын көргенде, ойланбастан көмекке ұмтылғанын айтты. Бүгін Марлен көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Астана қаласы білім басқармасы мен Ақмола облысының ТЖ департаментінің атынан марапатталды.

«Ата-аналарды балаларының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз», – деп ескертеді әкімдік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның үздік 100 мектебі анықталды
30.05.2025ж. 22:08

Қазақстанның үздік 100 мектебі анықталды

Бастама орта білім беру сапасын арттыруға және балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша тиімді әдістемелерді таратуға бағытталған және ол жыл сайынғы практикаға айналады.
Италия жоғары оқу орындарының арасында 58 екіжақты келісімге қол қойылған
Аятжан Ахмежанұлы көшеде кетіп бара жатсаң, кей адамдардың сөзінен адам ұялады. Сөзден құсық төгіліп, жын шашырап кетіп бара жатқан адамдарды көресің деп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →