×

Ұландық оқушылардың жазғы демалысына толық жағдай жасалмақ

4654 оқушыға арналған аталмыш жазғы лагерь өз жұмысын бастады

Ұландық оқушылардың жазғы демалысына толық жағдай жасалмақ

Ұлан ауданының әкімі Думан Рахметқалиев Төменгі Тайнты ауылындағы «Болашақ» жазғы лагерінің биылғы маусымдық ашылу салтанатына қатысты. Алғашқы лекпен 360 ұландық оқушы тамаша табиғат аясында жазғы демалыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Балалар жазғы демалыстарын тиімді, денсаулықтарына пайдалы өткізуі үшін барлық жағдай жасауға тырысып жатырмыз. «Болашақ» лагерін биыл күрделі жөндеуден өткіздік. Балаларды тасымалдаудан бастап барлық қауіпсіздік шараларына көңіл аударып отырмыз. Өзім үнемі келіп жатар жерлерінің тазалығын, тамақтарының сапасын тексеріп отырамын”,- деді Ұлан ауданының әкімі Думан Рахметқалиев.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 4654 оқушыға арналған аталмыш жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Лагерде демалушылар үшін барлық жағдай жасалған, оқушылар іс-шара жоспарына сәйкес демалатын болады. Балалар 5 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып, бүлдіршіндердің демалыстарын таза ауада пайдалы өткізуі үшін жағдай жасалмақ. 

Айта кетейік, Ұлан ауданында мектеп оқушылары биыл толығымен жазғы демалыспен қамтылатын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Бүгін, 16:45

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →