×

2024-2025 оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие – Оқу-ағарту министрлігі ақпарат берді

Биылдан бастап колледжге квота тізімі кеңейтіліп, арттырылады

2024-2025 оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие – Оқу-ағарту министрлігі ақпарат берді
Фото: ашық дереккөзден

Жаңа оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 145 мың абитуриент қабылданады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 мың адамға көп, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі берген ақпарат бойынша, мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық, яғни, геология, машина құрастыру, энергетика, ІТ, металлургия, көлік және т.б. мамандықтар бойынша көбейтілді.

Сондай-ақ биылдан бастап колледжге квота тізімі кеңейтіліп, арттырылады:

  • I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;
  • бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін;
  • әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін.

Айта кетейік, абитуриенттер өтінішті колледжге қағаз түрінде және egov.kz порталы арқылы электронды түрде екі жолмен бере алады. Колледжге түсу үшін 9-сынып түлектері 25 маусым мен 18 тамыз, 11-сынып түлектері 25 маусым мен 20 тамыз аралығында құжат тапсыра алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Бүгін, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →