×

«Оқытушыларға айтатын ешқандай алғысым жоқ»: Алғаш рет студент диплом алып тұрып ұстаздары туралы бар шындықты айтты

Ұстаздардың бірі студенттен микрофонды жұлып алған

«Оқытушыларға айтатын ешқандай алғысым жоқ»: Алғаш рет студент диплом алып тұрып ұстаздары туралы бар шындықты айтты
Фото: ашық дереккөзден

Ресейдің Қазақстанмен шекаралас Самара қаласының Халықаралық нарық институтының орта кәсіптік білім беру факультетінің түлегі Надежда Новикова диплом табыстау салтанатты кешінде сабақ берген оқытушыларын сынға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен айтатын сөзімді дайындадым. Өкінішке қарай, маған оқуға тыйым салды. Бірақ мен өзімдікін айтамын. Құрметті ұстаздар мен студенттер! Халықаралық нарық институтына айтар жалғыз алғысым –әр түрлі іс-шарада өзімді көрсетуге мүмкіндік бергендігі. Ал ұстаздарға ешқандай рахметім жоқ. Дене шынықтыру пәнінің мұғалім Наталья Николаевна Радова жыл бойы ешкім емес екенімді айтумен болды. Өмірде ешқандай жетістік жетпеген деп қорлады. Музыканы сөндіріңдер, әріқарай жалғастырайын. Лилия Долгатовна Галиева ол мені әрқашан оқудан шығаруға тырысты, бірақ көріп тұрғаныңыздай, ол мұны істей алмады», – дейді студент.

Осыдан кейін видео үзіліп кеткен. Ұстаздардың бірі студенттен микрофонды жұлып алған. Ол бірақ кейін телеграм арнасында өз айыптауын жалғастырған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Димаш Құдайбергеннің қарындасы диплом алды
09.07.2025ж. 17:51

Димаш Құдайбергеннің қарындасы диплом алды

Өнерлі отбасыны көпшілік құттықтап жатыр. 
ҚР Ұлттық қорғаныс университеті болып қалады.
Негізгі бастауышқа айналуы немесе толықтай жабылуы мүмкін
Министрдің айтуынша, хаттарда көтерілген ұсыныстар мен мәселелер жүйеленіп, жан-жақты пысықталуда.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →