×

Мектеп директорына айыппұл салғыштарға қатысты заңға өзгеріс енгізілуі мүмкін

Министрлік бірнеше мәселелерді көтеруде

Мектеп директорына айыппұл салғыштарға қатысты заңға өзгеріс енгізілуі мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов мұғалімдерден ақша жинау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Маңғыстау облысында мектеп директорының айыппұлдарды жабу үшін мұғалімдерден ақша жинауы туралы ақпарат тарады. Ведомство өкілі аталған мәселені заң жүзінде қайта қарауды ұсынды.

«Оқу-Ағарту министрлігі білім беру ұйымдарының басшыларына айыппұл салу мәселесін жүйелі қарастыруда. Министрдің тапсырмасына сәйкес 2023, 2024 жылдары мектеп директорларына салынған айыппұлдарға анализ жасалды. Айыппұлдың көп бөлігі СЭС, ЧС ұйымдарымен салынған. Қазіргі кезде Мәжіліс депутаттарымен айыппұлды салудың заңнамалық негізі қарастырылуда», – дейді Ернұр Дәуенов.

Министрлік бірнеше мәселелерді көтеруде:

- СЭС ұйымдарының жеке тұлғаға айыппұл мөлшерін төмендету, ол қазір 230 МРП, яғни шамамен 850 мың теңгені құрайды. Яғни бұл мектеп директорының 2-3 айлық еңбекақысы; 
- айыппұл салу үшін заңды тұлға мен жеке тұлға арасындағы жауапкершілік аражігін нақтылау, өйткені көп жағдайда мектеп директорының қолынан келмейтін дүниелер болады;
- айыппұл салмастан бұрын “ескерту” жазасының ресми енуі. 

«Кез келген жағдайда мектеп директорының кінәсі обьективті қарастырылуы керек», – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Бүгін, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →