×

Буллингтің құрбаны болған оқушыларға қалай қолдау көрсетуге болады – профессор жауап берді

Әлеуметтік желілер оқушылар арасындағы буллингке қалай әсер етеді?

Буллингтің құрбаны болған оқушыларға қалай қолдау көрсетуге болады – профессор жауап берді
Фото: Назарбаев университеті

Мектептеп басталатын қоғамдағы буллингтің қалай алдын алуға болады? Бір қарағанда мемлекет деңгейінде маңыз көп берілмейтін бұл мәселе дамыған елдерде көп талқыға түсіп, күрмеуі қиын күрделі мәселеге айналған. Осы ретте Qaz365.kz тілшісі біз аталмыш мәселені терең зерттеп жүрген Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің профессоры Линн Парментерді сөзге тарттық.

Линн Парментер бастаған зерттеушілер «Әлем амбассадорлары» атты буллингтің алдын алуға ғана емес, сонымен қатар буллипгке апарып соғатын зорлық-зомбылықтың «құрылымды» әрі «мәдени» түрлерін зерттеуге бағытталған жобаға үн қосып келеді. Осы бағытта Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Маңғыстау облыстарынан, сондай-ақ Тараз, Жезқазған, Астана, Көкшетау және Ақтау қалаларынан келген семинарға қатысушылар алдында «Бейбіт мектептерді қалыптастыру және қолдау үшін жанжалдарды шешу» тақырыбында 3 күндік семинар өткізген. Семинар қорытындысы бойынша жаңа оқу жылында командадағы оқушылар мен оқытушылар жанжалды шешудің, буллингтің алдын алудың, мектептерде бейбіт жағдай жасаудың шағын жобасын немесе стратегиясын ұсынады.

Семинарды Әлеуметтік даму корпоративті қорының қолдауымен Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің «Позитивті бейбіт білім беру» зерттеу тобы ұйымдастырған. Линн Парментер буллингтің алдын алуға байланысты бірқатар сұраққа жауап берді.

– Мектептерде буллингтің ең кең таралған түрлері қандай?

– Буллингтің таралу деңгейі оқушының жасына, жүрген еліне және мәдениетіне, сондай-ақ алынған білім түріне байланысты өзгеріп отырса да, барлық елдегі мектептерде буллингтің кейбір түрі жиі кездеседі. Біздің жобаның назары буллинг формаларына емес, мектептерде позитивті бейбітшілікті сақтау үшін білім беруге бағытталғандықтан, бізде бұл сұраққа жауап беретін жоба бойынша нақты деректер жоқ. Бірақ жаһандық деңгейде ЭЫДҰ PISA-ның 2018 есептеріне қарасақ, көп елде ауызша және тұлғааралық буллинг жиі кездесетінін көреміз. 

ЭЫДҰ елдері бойынша орта есеппен:
- оқушылардың 14% айына кемінде бірнеше рет мазаққа ұшыраған.
- 10% жағымсыз қауесеттерден зардап шеккен.
- 9% әдейі шеттету/еленбеуге ұшыраған. 

Деректер қамтылған 75 ел мен экономиканың 67-дегі оқушылардың 10% астам бөлігі айына кемінде бірнеше рет мазаққа ұшырағанын хабарлаған. 75 ел мен экономиканың 55-і оқушылардың бірдей үлесі жағымсыз қауесеттердің нысанасына айналғанын хабарласа, ал 75 ел мен экономиканың 40-ы сыныптастары шеттететінін айтқан. 

Физикалық буллинг сиректеу кездеседі. ЭЫДҰ елдері бойынша орта есеппен оқушылардың шамамен 7% өзін басқа оқушылар айына кемінде бірнеше рет ұрғанын немесе итергенін хабарлаған. Оқушылардың шамамен бірдей саны басқа оқушылардың заттарын алып кеткенін немесе жойғанын, басқаларға қауіп төнгенін хабардар еткен (ЭЫДҰ PISA есебі).

– Оқушылар арасында буллингтің пайда болуына қандай факторлар ықпал етеді?

– Мектеп оқушылары арасында буллингке ықпал ететін көп фактор бар. Соның ішінде мектептегі жағдай, отбасылық өмір және үлгі, рөлдік модельдерді атап өтуге болады. Зерттеулер авторитарлық тәрбие мен мектептегі білім буллингтің жоғары деңгейде таралуымен тікелей байланысты. Өзін және басқаларды құрметтеуге, адамдар әртүрлі болатынын қабылдауға, басқа көзқарастарға ашық болуға, сондай-ақ қарым-қатынас пен ынтымақтастық дағдыларын ынталандыратын ата-ана тәрбиесі мен мектеп білімі – буллингтің төмен деңгейімен байланысты. Позитивті бейбітшілікті сақтау үшін білім бағыты осындай дағдылар мен қасиеттерді дамытуға бағытталған.

– Мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері буллингті тоқтату үшін қалай тиімді жұмыс істеуі керек?

– Мұғалімдер, мектеп басшылары және мектеп қызметкерлері жасай алатын ең маңызды шаруа  – буллинг болған кезде араласу емес, буллингтің алдын алуға бағытталған қолайлы мектеп ортасын құру. Кез келген мәселе сияқты, бұл проблеманың симптомдарын ғана емес, себебін де анықтап, алдын алу маңызды. 

Позитивті бейбітшілікті сақтау үшін білім беру мектептің қолайлы климатына ықпал етеді, бұл PISA мәліметтері бойынша «буллингтің таралуының төмендеуімен байланысты». PISA 2018 мәліметтері бойынша, буллинг көп тараған мектепке баратын оқушылардың буллинг аз мектеп оқушыларына қарағанда «араласуы аз, тәртібі төмен әрі сыныптастарымен достығы әлсіз болады».

– Буллингтің алдын алудың тиімді бағдарламалары бар ма, егер бар болса, қандай?

– Буллингтің алдын алудың ең тиімді жолы – мектепте оқушылар өзін қауіпсіз сезінетін, бір-бірін құрметтейтін әрі бағалайтын, әркім әртүрлі екенін түсінетін әрі бәсекелестікке қарағанда жиі ынтымақтастыққа шақырылатын жағдай мен қарым-қатынасты құру. Біздің позитивті бейбітшілікті сақтауға арналған білім беру жөніндегі ғылыми жобамыз хабардар болу және бейбіт орта мен қарым-қатынас орнату, сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық деңгейде әлемді тереңірек түсіну үшін шаралар қабылдау арқылы буллингтің алдын алуға ықпал етеді.

– Буллингтің құрбаны болған оқушыларға қалай қолдау көрсетуге болады?

– Буллинг фактісін мойындап, оқушыларға осы мәселені талқылау үшін қауіпсіз кеңістікті ұсынған маңызды. Белсенді түрде әрбірін тыңдау – буллингке ұшыраған оқушыларды қолдаудың маңызды дағдысы, ал қақтығыстарды шешу дағдылары көбінесе қорқытуға ұшырағандармен негізгі мәселелерді шешу үшін пайдалы. Бұл белсенді тыңдау, жанжалды медиациялау сияқты дағдыларды дамыту біздің мектеп оқушылары мен олардың мұғалімдеріне арналған семинардың басты бағытына айналды.

– Егер балалар мектепте буллингке ұшыраса, ата-аналар өз балаларына қалай көмектесе алады?

– Ата-аналар балаларына мектепте қорлық көрген жағдайда көмектесуде маңызды рөл атқарады. Ата-аналардың қолынан келетін басты шаруа – баланы тыңдау, оны қолдайтынына сендіру әрі осы мәселені шешу үшін мұғалімдермен және басқалармен бірлесіп жұмыс істеу.

– Буллингке ұшыраған балаларға психологиялық қолдаудың қандай әдістері ең тиімді?

– Бұл сұраққа жауап беруге біздің құзырет жетпейді.

– Буллингтің жасқа байланысты айырмашылықтары бар ма?

– Буллингтің барлық түрі кез келген жаста болуы мүмкін, бірақ зерттеулер физикалық буллинг жас балалар мен ұлдар арасында жиі кездеседі, ал ауызша, әлеуметтік және тұлғааралық буллинг егде жастағы балалар мен қыздар арасында жиі кездеседі. Кибербуллинг қоғамдағы балалардың көпшілігі ұялы телефондарға қол жеткізетін жасқа байланысты болады.

– Әлеуметтік желілер оқушылар арасындағы буллингке қалай әсер етеді?

– Кибербуллинг – әлемнің көп елінде алаңдаушылық туғызатын мәселе. ЮНЕСКО-ның 2023 жылғы білім мониторингі жөніндегі Дүниежүзілік есебіне сәйкес, кибербуллингтің түр-түрі бар: жеке тұлғалардың фотосуреттерін немесе бейнелерін олардың келісімінсіз әдейі жариялау (Майерс пен Коуи, 2019), цифрлық топтардан шығару (ЭЫДҰ, 2017), ауызша зорлық-зомбылық (Чжу және басқалар., 2021), сондай-ақ қорлау мен қорқыту (Cebollero-Salinas et al., 2022). Бұл мәселені шешуде көп елдің саясаты хабардар етуді арттыруға, болған фактілер туралы уақтылы хабардар ету және мектеп деңгейінде цифрлық тәуекелдердің алдын алу тетіктерін ұсынуға бағытталған. Жекелеген елдердегі іс-шараларға жүйелі шолу және мета-талдау, негізінен табысы жоғары, орташа бағдарламаның кибербуллинг құрбандарының санын азайту ықтималдығы 73% екенін көрсеткен.

–    Уақыт тауып сұхбат бергеніңізге рахмет!

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды
Кеше, 15:37

Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды

Орталық «Түркі дүниесі жастары» атты форум аясында іске қосылып отыр
ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 
13 қараша күні Талдықорған қаласы оқушылар сарайында облыстық балалар құрылтайы өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →