×

«Өзгелерге теріс үлгі»: министр ҰБТ-дан 1 балл алған түлекке қатысты ойын айтты

Министр абитурентке қатысты өз пікірін білдірді

«Өзгелерге теріс үлгі»: министр ҰБТ-дан 1 балл алған түлекке қатысты ойын айтты
Qaz365.kz коллажы

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 1 балл алған абитуриентке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министр ҰБТ-дан 1 балл алған түлекке қатысты өз пікірін білдірді. 

«Ол ҰБТ-ны екі мәрте тапсырды. Бірінші рет тапсырғанда ол 94 балл алған. Екінші рет тапсырғанда тестілеу орталығында 4 минут қана отырған. Бұл оның алдын ала жоспарланған әрекеті, акциясы болып отыр», - деді Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, мыңдаған түлек үшін ҰБТ – тегін оқу мүмкіндігі.

«Сондықтан бұл бір адамның акциясы, оған баға беруден аулақпын. Ол өзінің ерекше екенін көрсеткісі келді ме, білмеймін. Бірақ бұл қалғандарына дұрыс үлгі деп санамаймын. Ол өз ұстанымын білдірді», - деді Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, Ерасыл Уәлиев ҰБТ-дан бір балл алып, Түркияның 10 университетінен шақырту алған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды
22.11.2024ж. 15:37

Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды

Орталық «Түркі дүниесі жастары» атты форум аясында іске қосылып отыр
ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 
13 қараша күні Талдықорған қаласы оқушылар сарайында облыстық балалар құрылтайы өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →