×

Жамбыл облысында мұғалім болу үшін 2 миллион теңге сұрайды: Педагог тікелей министрге шағымданды

Ғани Бейсембаев сыбайлас жемқорлықпен күрес әр азаматтың міндеті екенін айтты

Жамбыл облысында мұғалім болу үшін 2 миллион теңге сұрайды: Педагог тікелей министрге шағымданды
Фото: ашық дереккөзден

Астанада өтіп жатқан ауыл мектептеріндегі педагогтердің республикалық форумында Жамбыл облысынан келген мұғалім Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өңірдегі жемқорлық туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, ол жерде мұғалім болып жұмысқа тұру үшін екі миллион теңгеге дейін пара беру керек.

«Қазігі кезде Ақмола облысында жұмыс істеп жүрмін. Ал негізі өзім туған Жамбыл облысында жұмыс істегім келген. Бірақ ол жақтағылар «орын жоқ»  деген желеумен шығарып салды. Министрлікке арыз жазсақ, дәлел сұрайды. Жарайды, мен ізденіп жүріп Ақмола облысынан жұмыс таптым. Ал менің ізімді басатын інілерім мен сіңлілерім де ертең мен көрген дүниелерді көрмесе екен деймін. Қазір бір жерге жұмысқа кіру керек болса, кемінде 1 млн теңге, әйтпесе 1,5-2 млн теңге сұрайды. Тек педаоготер арасында демеймін. Негізі оңтүстікте сыбайлас жемқорлық көп салаға кіріп кеткен. Ең маңызды мамандық деп есептелетін мұғалімдер де осындаймен бетпе-бет келіп жүр. Қашан мен сияқты жастар ақшасыз, өзі жұмыс табатын күн болады?» – деп сұрады жас мұғалім.

Ғани Бейсембаев сыбайлас жемқорлықпен күрес әр азаматтың міндеті екенін айтты. Барлығы өзімізден басталады деп айтты. 

«Сұрақ қойдыңыз ғой, енді осыны өзіңізден бастаңыз. Ешкімге ренжімей, адал болыңыз. Айналаңыз ұрлап жатса да, адалдықты сақтаңыз. Менде мына жақта күйіп отырамын. Қанша рет тексеру жібердік?! Бір Түркістан облысына ғана 10 рет тексеру жібердік. Қоятын кез келді ғой... Бірақ бүкіл өңір жаман деуге болмайды. Сіз ақыры Ақмола облысына келген екенсіз, осы жерде мықты маман ретінде жұмыс істеп жетіліңіз. Одан кейін мен сізді Жамбыл облысына басқарманы басқаруға жібере аламын. Сол кезде осы былықтың бәрін жойып, тәртіпке келтіре аласыз», – деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Бүгін, 16:45

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →