×

Нонсенс: Дархан Сатыбалды директорларға мұғалімдерді жұмысқа тегін қабылдауды бұйырды

Білім саласындағы жемқорлық аз емес

Нонсенс: Дархан Сатыбалды директорларға мұғалімдерді жұмысқа тегін қабылдауды бұйырды
Фото: primeminister.kz

Әлеуметтік желіде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының мектеп директорларына, білім бөлімі басшыларына жасаған ескертуінің видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкім өз сөзінде директорларға мұғалімдерді жұмысқа тегін қабылдауды бұйырады.

«Мектептерге мұғалімдерді жұмысқа алар кезде ақша сұрайды деген мәселелерді де естіп отырамын. Олар бойынша керек болса директорларды да, оның артында тұрған адамдарды да тексерткіземіз. Бізде білім саласы таза болуы керек. Біз сіздерге соншалықты көп қаражат бөліп жатырмыз. Президенттің айтуымен «Жайлы мектептер» салынып жатыр. Ал мына жағына келгенде сондай жағдай жасап жатсаңыздар, балалар қалай өседі? Келешегіміз не болады?» - дейді ол.

Әлеуметтік желіге тараған видео әкімнің Келес ауданына барған кезде түсірілген. Бірақ видеода көтерілген мәселе өзектілігін әлі жойған жоқ. Білім саласындағы жемқорлық аз емес. Тіпті неге бұлай екенін журналистер Оқу-ағарту министрінен сұраған еді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Біртұтас ғылыми кеңістікті қалыптастыруға нақты қадам: Түркі географтары Алматыда бас қосты
Кеше, 12:42

Біртұтас ғылыми кеңістікті қалыптастыруға нақты қадам: Түркі географтары Алматыда бас қосты

Ауқымды жиын өткізу бастамасы Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде ұсынылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →