×

Алматыда  «Білімге қадам» акциясы өтті

«Алаш» топтамасы және басқасы да толығымен отандық өнім көрінеді

Алматыда  «Білімге қадам» акциясы өтті
Respubliсa партиясы

30-тамыз – ҚР Конституция күні қарсаңында Respublica партиясының Алматы қалалық филиалында  «Білімге қадам» акциясы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Білімді ұлт – бақытты ұлт. Сапалы білім – табыс кілті» деп «Respublica» партиясы сайлауалды бағдарламасында атап көрсетілгендей, партиямыздың азаматтары білімге құштар өскелең ұрпаққа қашан да қолдау білдіріп келеді. Аталған акция Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Таудың бастамасымен Қазақстанның әр өңірінде өткізілген болатын. Алматы филиалында өткен іс-шарада халықтың әлеуметтік осал тобына кіретін 50-ге жуық бүлдіршінге «Алаш» топтамасымен толықтырылған сөмкелер таратылды», – делінген хабарламада.

«Алаш» топтамасы және басқасы да толығымен отандық өнім көрінеді.

 «Бұл балақайларды ұлтжандылыққа, қазақ тарихын, ұлт зиялыларын тануға деген алғашқы қадам болмақ. Себебі әр өнімде Алаш арыстарының қанатты сөздері мен өлеңдері жазылған. Бұл бастаманы іске асырып, «Білімге қадам» акциясын қолдаған «Olja Peak»компаниясының басшысы Керімжан Үрістемұлы болатын. Сондай ақ бұл күнде балақайларды тәтті тағаммен қуантқан «Шоқ Донер» тағамдар желісінің негізін қалаушы Әділет Серікұлына, партияның барлық іс-шарасына қолдау білдіріп жүрген «Amanat Global Holding» компаниясының басшысы Сандуғаш Жолдығалиқызына және Алматы қалалық филиалының ерікті әрі белсенді жастарына алғыс білдіреміз», – делінген хабарламада.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы оқушыға көмек: 20 млрд теңге кімдерге және қалай бөлінеді
Бүгін, 10:25

2025 жылы оқушыға көмек: 20 млрд теңге кімдерге және қалай бөлінеді

Бұл қолдау 430 мыңнан астам баланы қамтып отыр
Мемлекет басшысы ұстаз құқығын қорғау мақсатында «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізуді ұсынды
Мемлекет басшысы шын мәнінде мұғалімдер мемлекеттік маңызы бар жұмыс атқарып жатқанын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →